Жалпы, Ақмола облысы бойынша жыл басынан бергі алты ай ішінде  4377 өтініш түсіп, қарау нәтижелері бойынша  мәселелердің 65% оң шешілді.  Қалған 35% бойынша түсініктемелер берілді.  Өңіріміздегі  барлық қоғамдық қабылдау алаңдарында 1274 қабылдау өткізіліп, 4171 адам өз өтініштерімен жүгінген. 

«AМANAT»  партиясы Ақмола облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Канафиннің айтуынша  басты міндет өтінішпен келген азаматтардың мәселесін атқарушы билік және құқық қорғау органдарына жеткізе отырып, азаматтардың мәселесінің шешілуіне көмектесу. Кабинетімізге іздеп келген әр азаматтың мәселесі егжей-тегжейлі қарастырылып, зерттелуі керек. Сондықтан, әр филиал, әр бастауыш партия ұйымы азаматтардың күнделікті мәселелерін шешу процесіне белсенді түрде ат салысуы тиіс. Мәселен қоғамдық қабылдау бөлмелерінде  апта сайын «Халыққа көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар өткізіледі,  заңгерлер, нотариустар, адвокаттар мен медиаторлар азаматтарды жеке мәселесімен қабылдайды. Олардың қорытындысы бойынша қаншама азаматтарға ауызша тегін заңгерлік кеңес берілді, сот құжаттарын құрастыруға көмек жасалды, соттарда азаматтардың мүдделерін қорғау бойынша кеңестер беріледі,- дейді Дархан Канафин. 

Мәселен, есептік кезеңде «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, нотариустар мен медиаторлар 126 қабылдау өткізіп, 398 азаматқа консультативтік көмек көрсеткенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, «Халыққа көмек» жобасы  аясында 1148 тақырыптық қабылдау өтіп, 3773 өтініш қабылданып, 87 көшпелі қабылдауда 323 өтініш қарастырылып, оның 173 пайызы оң шешілген.  «Көшпелі қабылдау өткізіп, ауыл аймақтарға барып,   мәселелерді шешу-бұл «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінің негізгі құралдарының бірі, ол халықпен белсенді өзара іс-қимыл жасауға және олардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Көшпелі қоғамдық қабылдаулар халықты тікелей тыңдауға, олардың нақты мәселелерін жазып алуға және нақты шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Көшпелі қоғамдық қабылдауларда депутаттар, жергілікті атқарушы билік органдары, әкімдік өкілдері бізбен бірге жүреді. Бұл әр мәселенің жедел шешілуіне ықпал ететіндігін дәлелдеді. Жұмыстың бұл форматы халық пен билік арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға әсер етеді»,- дейді партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Дархан Канафин.

Партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тәжірибесі де бар. Мәселелерді шешуге жәрдемдескеннен кейін өтініш берушілер партияға кіруге ниет білдіреді. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айында партияға 162 азамат партия мүшесі болып, қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы қабылданған. Халық пен билік арасында дәнекер бола білген партия тұрғындардың өтініш-тілектерін шешу жолында одан әрі жұмысын жалғастыра бермекші.

«AMANAT» партиясы

Ақмола облыстық

филиалының
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района