Көкшетауда қаласының Тәуелсіздік алаңында Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтарының негізі, қоғамның тұрақтылығы мен демократиялық дамуының кепілі екенін айтты.

«Конституция күні мерекесінің қазақстандықтар үшін жылдан жылға маңызы артып келеді. Елімізде болып жатқан оң өзгерістерге барлығыңыз куә болып отырсыздар. Бұл жетістіктердің барлығына Конституцияның негізгі нормалары мен принциптері арқылы қол жеткізілді. Біз ел мен өңірді дамытуға бағытталған маңызды міндеттерді одан әрі шеше алатынымызға сенімдіміз», — деп атап өтті облыс әкімі.

Мереке аясында, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 22 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды.  

Баспаналы болғандардың арасында 17 жыл пәтер кезегінде тұрған Динара Омарова да бар.

«Осы қуанышты күні Мемлекет басшысына көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің отбасым 17 жыл кезекте тұрды. Енді біздің арманымыз орындалды, біздің өз баспанамыз бар, жарқын және жайлы» — деп бөлісті өз қуанышымен Динара Омарова.

Сондай-ақ, осындай айтулы күні облыс әкімі 24 медициналық жедел жәрдем көлігі мен 5 мектеп автобусының кілтін табыстады.

«Жаңа жедел жәрдем көліктері тек техника емес. Бұл біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына қосқан үлесі. Бұл автомобильдер әрбір ақмолалыққа уақытылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ете отырып, халықтың игілігіне қызмет ететін болады» – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Салтанатты іс-шара аясында облыстың дамуына үлес қосқан бір топ ақмолалық «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

Айта кетейік, Ата заңымыздың 29 жылдығында облыс орталығындағы Сарыарқа шағынауданында ерекше балаларға арналған балабақша пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының Бурабай кентінде қосалқы станция, Зеленый бор ауылындағы Мәдениет үйі және спорт кешені де ел игілігіне берілді. Атбасар ауданындағы «BAXA SӦHNE»  ЖШС сұлы жармасын өндіру фабрикасы іске қосылды.

В Акмолинской области вручили ключи от квартир, автомобилей скорой помощи и школьных автобусов

В Кокшетау на площади Тәуелсіздік прошло торжественное мероприятие в честь празднования Дня Конституции.  

Открывая торжественное мероприятие, аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, что Конституция Республики Казахстан – это основа прав и свобод каждого гражданина страны, фундамент стабильности и демократического развития общества.

«С каждым годом День Конституции обретает для казахстанцев особое значение. Многие из вас являются свидетелями происходящих в области позитивных преобразований. Все эти достижения были достигнуты благодаря основным нормам и принципам Конституции. Уверен, мы сможем и дальше решать важные задачи, направленные на развитие страны и региона», – подчеркнул аким области.

В рамках праздника ключи от 22 квартир получили дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, многодетные семьи,  социально уязвимые слои населения.

Среди новоселов – семья Динары Омаровой.

«В этот радостный день от души хочу поблагодарить Главу государству за оказанную помощь. Моя семья 17 лет стояла в очереди. Теперь наша мечта сбылась, у нас есть свое жилье, светлое  и комфортное», – поделилась радостью Д. Омарова. 

      В этот же день аким области вручил ключи от 24 автомобилей скорой медицинской помощи и 5 школьных автобусов.

«Новые машины скорой помощи — это не просто техника. Это вклад в здоровье и благополучие наших граждан. Эти автомобили будут служить во благо народа, обеспечивая своевременное оказание медицинской помощи каждому акмолинцу», – отметил М. Ахметжанов.

         В честь праздника ряд акмолинцев, внесших вклад в развитие области, были награжден орденами «Құрмет» и «Еңбек Даңқы», медалями «Ерен еңбегі үшін».

         К слову, сегодня в регионе в рамках празднования Дня Конституции были введены в эксплуатацию уникальный детский сад для маломобильных групп населения в мкр. Сарыарка г. Кокшетау, в Бурабайском районе – подстанция в пос. Бурабай, дом культуры и спортивный комплекс в с. Зеленый бор, в Атбасарском районе – фабрика по производству овсяных хлопьев ТОО «BAXA SӦHNE».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA