«Игі істер автобусы» жобасын іске асыруда
«Ақмола облысында 2021 жылдан бастап өңір колледждерінің 2 мыңға жуық студенттері, педагогтары мен шеберлерінің қатысуымен «Игі істер автобусы» бірегей жобасы жұмыс жүргізіп келе жатыр», — деп хабарлайды Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Конституция күні қарсаңында облыстағы 14 колледжде «Игі істер автобусы» жобасы бойынша студенттер мен кәсіптік оқыту шеберлері қарттар мен жалғызбасты жандарға 23 еріктілік іс-шара ұйымдастырып, олардың бау-бақша учаскелерін тазалауға, шағын жөндеу жұмыстарына, абаттандыруға көмек көрсетті.
Жобаның мақсаты — студенттік жастарды ауыл және қала тұрғындарын қолдау, халыққа тұрмыстық қызметтерді тегін негізде іске асыру арқылы қоғам мәселелерін шешуге тарту.
Волонтерлік бастамаларды іске асыру шеңберінде әрбір колледжде жыл бойы 3-4 курс студенттері мен өндірістік оқыту шеберлерімен «Игі істер автобусы» жұмыс жасайды, олар халыққа шаштараз сервисі, тігін бұйымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, дәнекерлеу сипатындағы қызметтер, цифрлық технологиялар саласындағы қызметтерді өтеусіз негізде қызметтер көрсетеді. Студенттер арасынан еріктілер елді мекендердің оқушыларымен демалыс ұйымдастырып, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, үйірме сабақтарын өткізді. 2023 жылы халықты қамту шамамен 300 адамды құрады.
2024 жылы жоба облыстағы халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Мәселен, құрылыс-технологиялық колледжінің студенттері Көкшетау қаласының зейнеткер пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді, Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжінің студенттері облыстық қан орталығының тұрақты донорлары болып табылады. Су тасқыны кезінде Есіл, Ақкөл және Көкшетау қалаларының, Астрахан, Шағалалы ауылдарының ерікті студенттері табиғи апатқа қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсетті.
Жазғы кезеңде Аршалы, Егіндікөл, Жаңаесіл ауылдарының колледж студенттері егде жастағы зейнеткерлерге аулалар мен бақтарды абаттандыруға көмектесті.
«Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттеріне бақшадағы көмегі үшін алғысымды білдіремін. Балаларға осындай жанашыр және ашық болуды тілеймін. Игі істеріңіз көбейе берсін», — деді студенттерге ризашылығын білдірген педагогикалық еңбек ардагері, Щучинск қаласының тұрғыны Ирина Фоменко.
Aqmola30tamyz
Студенты Акмолинской области реализуют проект «Автобус добрых дел»
«С 2021 года в Акмолинской области ведет работу уникальный проект «Автобус добрых дел» с участием порядка 2 тысяч студентов, педагогов и мастеров колледжей области» — сообщает региональная служба коммуникаций Акмолинской области.
В предверии Дня Конституции в 14 колледжах области был организованы выезды проекта «Автобус добрых дел». Студенческой молодежью и мастерами производственного обучения были организованы 23 волонтерские акции пожилым и одиноко проживающим людям, оказана помощь в уборке приусадебных участков, мелкому ремонту и благоустройству территорий.
Цель проекта состоит в вовлечении школьников и студенческой молодежи в решении проблем социума через поддержку жителей сельской и городской местности, реализацию бытовых услуг населению на бесплатной основе.
В рамках реализации волонтерских инициатив в колледжах области круглый год действует «Автобус добрых дел» со студентами 3-4 курсов и мастерами производственного обучения колледжей, которые на безвозмездной основе оказывают населению услуги в области парикмахерского сервиса, мелкого ремонта швейных изделий, услуг столярного, сварочного характера, услуг в области цифровых технологий. Волонтерами из числа студентов организован досуг со школьниками населенных пунктов, проведены спортивные, культурно-массовые мероприятий, кружковые занятия. Охват населения в 2023 году составил порядка 300 человек.
В 2024 году проект продолжает оказывать помощь социально уязвимым слоям населения в области. Так, к примеру студентами строительно-технологического колледжа сделан ремонт в квартире пенсионерки г. Кокшетау, студенты высшего агротехнического колледжа с. Шагалалы являются постоянными донорами областного Центр крови. В период паводка студенты-волонтеры г. Есиль, Акколь, сел Астраханка, Шагалалы и г. Кокшетау оказывали посильную помощь в борьбе с природной стихией.
В летний период студенты колледжей п. Аршалы, Егиндыколь, Жанаесиль помогали пожилым пенсионерам в благоустройству дворов и огородов.
«Выражаю благодарность и признательность студентам высшего технического колледжа г. Щучинск за помощь на огороде. Желаю ребятам быть такими отзывчивыми и открытыми. Пусть Ваши добрые дела будут приумножаться», — поблагодарила студентов ветеран педагогического труда, жительница города Щучинск Ирина Фоменко.
Aqmola30tamyz