«Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек.
Бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет. Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет.
Енді Ұлттық қордың рөліне жеке тоқталайын. Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет»
t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:
«Жить по средствам – единственный возможный рецепт стабильности государственных финансов. Поэтому следует исключить чрезмерные траты на задачи, не являющиеся по своей сути первоочередными и стратегическими.
Нужно навести порядок и в межбюджетных отношениях. Решение оставлять в регионах налоговые поступления от малого и среднего бизнеса было верным и своевременным. Оно дало существенный импульс развитию предпринимательства, повысило самостоятельность акимов. Однако отдельные руководители регионов, получив дополнительный источник дохода, стали использовать его нерачительно, без практической пользы для государства, на второстепенные задачи и проекты. В целях поиска источников покрытия дефицита бюджета Правительству следует разработать рациональные компенсационные механизмы.
Отдельно остановлюсь на роли Национального фонда. Средства Нацфонда в первую очередь должны служить интересам нашего государства и использоваться для достижения стратегических целей, а не обслуживать зарубежные финансовые институты. Нацфонд выступает важнейшим инструментом обеспечения долгосрочной макроэкономической стабильности, поэтому требуется эффективное управление им»