Отбасы күні жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланып келеді. Атаулы күнді биыл қазақстандықтар 8 қыркүйекте атап өтпек. Ақмола облысы бойынша 100-ден астам іс-шаралар өткізілуі жоспарлануда.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев айтып берді.

Спикердің айтуынша,  биылғы жылы мерекенің маңыздылығын арттыру және нәтижесін күшейту мақсатында әр күннің тақырыптық бағыттарын анықтай отырып, Отбасы күнін 2-8 қыркүйек аралығында атап өту ұсынылады.

Атап айтқанда:

  • 2 қыркүйек – «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру. Апталықтың ашылуы, Баспасөз мәслихаты.
  • 3 қыркүйек – «Отбасын жоспарлау». медициналық мекемелерде, Жастар денсаулық орталықтарында репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізу. Көкшетау қаласындағы Панацея емханасында және жастар денсаулық орталығында   «Ашық есік күні» өтетіндігін атап өту керек.
  • 4 қыркүйек – «Саналы ата-ана».  Ақмола облысының білім беру ұйымдарында  оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында сынып сағаттары өткізіледі. Білім беру ұйымдары үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып «Мықты отбасы- мықты мемлекеттің кепілі», «Дені сау ұрпақ», «Саналы ата-ана» тақырыптарында кездесулер өткізеді.
  • 5 қыркүйек – «Дені сау ұрпақ». Барлық аудандар мен қала орталықтарында спорттық жарыстар, эстафеталар, көңілді жүгіру эстафеталары өткізіледі.
  • 6 қыркүйек – «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі». Ақмола облысының Аналар кеңесі отбасы күніне орай  «Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізеді, «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» номинацияларын табыстайды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары  «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері»  бойынша сараптама алаңдарын ұйымдастырады.
  • 7 қыркүйек – «Отбасылық әл-ауқат», Ақмола облысының  Әкелер одағымен отбасындағы тәлім-тәрбиемен, отбасындағы ана мен әкенің рөлі жайлы кездесулер өткізіледі.
  • 8 қыркүйек – «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция», «Бақытты отбасы» әлеуметтік роликтер облыстық байқауының марапаттау рәсімі өткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA