58 рет

көрсетілді 3 мин

оқу үшін

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев өңірде студент жастармен, «Көкшетау-Энерго» серіктестігінің ұжымымен кездесіп, бейбіт атом энергетикасын дамытудың келешегі мәселесін талқылады.

Байқал БАЙӘДІЛ

Байқал БАЙӘДІЛ

Көкшелік студенттермен кездесті

Министрлік басшысымен кездесуге Ш.Уәлиханов Көкшетау мемлекеттік университеті­нің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттің, М.Ғаб­дуллин атындағы азаматтық қор­ғау академиясының, Гу­ма­ни­тарлық-техникалық ака­де­мияның студенттері қатысты. Басты тақырып бейбіт атом төңірегінде болды. Болашақтың жайын бағамдаған кездесу ба­рысында министр атом энер­гетикасының еліміз үшін қаншалықты маңызды екеніне тереңірек тоқталып, дамуы мен қа­уіпсіздігі төңірегінде ой толғады. Министр елімізде электр энергиясын өндірудің негіз­гі үлесін, жалпы өнімнің 66 па­йызын қамтамасыз ететін көмір стансалары құрайтынын, жаңартылған энергия өндіру үлесі шамамен 6 пайыз екенін айтып өтті. Электр энергиясын пайдалану көлемі бір орында тұрмайтыны белгілі. 2035 жылға қарай тұтыну көлемі сағатына 152,4 млрд кВт құрауы мүмкін. Бұл ретте қазір жұмыс істеп тұр­ған энергия көздерін өндіру бір­қатар объективті себепке байланысты төмендейді. Осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаты 26,5 ГВт болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосу қажеттігі туындайды.

Қазір бүкіл әлем көміртегіне бет бұрып жатыр. Сондықтан халықаралық қаржы институттары көмір электр стансаларының құрылысына инвестиция салуға құштар емес. Қазақстан еліміздегі газ ресурстарының біршама шектеулі болуына байланысты газ генерациясын кеңінен енгізу­ді жүзеге асыра алмайды. Демек жаңартылған энергия көз­дері­нің жұмысын болжау қиын. АЭС құ­рылысы тоқтап тұрған қуат­тар­ды алмастырудың және энер­гети­калық тәуелсіздікті қамта­ма­сыз етудің бірден-бір дұрыс шешімі болмақ деген пікір айтылды.

Министр студенттерге ядро­лық реакторларды пайдаланудың әлемдік тәжірибесі, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи шаралары туралы кеңінен таратып айтып берді. Ашық пікір алмасуға жастар белсенді араласып, атом энергетикасының болашағы, оның экологиялық қауіпсіздігі және экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі тура­лы сұрақтар қойып, тұщым­ды жауап алды. Маңызды мәселе­лер талқыланған жүздесу бары­сында ел ертеңіне сеніммен қарай­тын жастар еліміздегі атом энерге­тикасының болашағы мен тұрақты дамуға қосатын үлесі туралы жан-жақты хабардар болды.

Энергетика министрі облыс орталығындағы «Көкшетау-Энерго» ЖШС жұмысымен танысып, кәсіпорын ұжымымен кез­десті. Бұл жерде де атом электр стан­сасының қаншалықты ма­ңыз­ды екені жан-жақты түсін­ді­ріл­ді. Ел экономикасының тұрақ­ты дамуы электр энергиясына сұ­ра­­ныс­тың артуымен қатар жүре­ті­нін бұл ұжым жақсы біледі. Өнер­­кәсіп, металлургия, көлік, ІТ, фар­мацевтика, ауыл шаруа­шы­лы­ғы өнімдерін қайта өңдеу бағы­­тын­дағы жаңа жобаларды іске асыру үшін қазірдің өзінде электр энергиясына деген сұраныс жоғары.

Көкшетау 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района