Осы жылдың 8 айында Департамент атына 292 өтініш келіп түсті. Сенім телефонына 51 тұтынушы, жеке қабылдауға 42 тұтынушы жүгініп, олардың құқықтары түсіндіріліп, қорғалды. Өтініштердің ең көп түскені бөлшек сауда-56%, ТКШ-12%, электрондық сауда-7% және туристік қызметтер-4%.
Азаматтардың шағымданатын негізгі мәселері:
- Дүкендерде «Тұтынушы бұрышының» болмауы;
- Сатушылардың 14 күнтізбелік күн ішінде тиісті және тиісті емес сападағы тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуы;
- Белгіленген 10 күн мерзімде шағымға жазбаша жауап бермеу;
- Тауардың, оның шығарылған жері, дайындаушы, тұтынушылық қасиеттері, кепілдік міндеттемелері және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпаратты ұсынбауы.
Ағымдағы кезеңде тұтынушыларға 30,0 млн теңге сомасына түрлі салалар бойынша ақшалай қаражатты қайтаруға көмек көрсетілді.
Департамент «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «сауда қызметін реттеу туралы» заңнама нормаларының бұзылуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізеді. Бұл жұмыс әлеуметтік желілерде, мемлекеттік және медициналық мекемелерде, сауда үйлерінде дәрістер, сондай-ақ жадынамаларды тарату арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ сотқа дейінгі талаптарды дайындауда ақыл кеңестік құқықтық көмек көрсетіледі.
Қабылданған шараларға қарамастан, бұзушылықтар жалғасуда. «Тұтынушының бұрышы» болмағаны үшін 39 ескерту беріліп, бір айыппұл салынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтеру фактілері бойынша жалпы сомасы 578,0 мың теңгеге айыппұл салынып 268 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қайталама бұзушылықтарға қатысты айыппұл санкциялары көзделген, олардың мөлшері субъектінің санатына байланысты және 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін құрайды.
Қауіпті және сапасыз өнімді анықтауға қатысты ахуалдық штабтың бірлескен жұмысының нәтижелері бойынша импорттық өнімнің 37 түрі зерттелді. Өнімнің 24 түрі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға — 8 және таңбалауға -16 сәйкес келмеуі ретінде бұзушылықтар анықталды. Кәсіпкерліктің сегіз субъектісіне қатысты 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды және оларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Департамент бизнес субъектілеріне сауда саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.