Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысындағы Созақ ауданы уран өндірісімен көпшілікке танымал. Бүгінде бетпақдаладан шығып жатқан өнімге деген әлем елдерінің қызығушылығы да жоғары. Агенттік тілшісі Созақ ауданында болып, уран өндірісімен танысып келді.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Шымкенттен шыққан көлік 5 сағат жол жүріп, «Қаратау» руднигіне келіп тоқтады. Қақпадан арнайы күтіп алған қауіпсіздік бөлімінің басшысы ережелерді түсіндіріп, ішке алып өтті. Өндіріс орнының формасын киіп, көзілдірік пен маска тақтық. Каска мен қолғабымыз да бар. Аяқта етік. Содан бетпақдаладағы тіршілікпен танысуды бастап кеттік.

Күніне 15 келі өнім

Уран 650-700 метр тереңдіктен алынады. Ол үшін арнайы ұңғымалар қазылған. Қаратау руднигіндегі 7 500 гектар алқапта дәл қазір 1 500-ден астам ұңғыма жұмыс істеп тұр. Баршасы бір-бірімен байланыстырылған. Жер астынан алынған өнім, құбырлар арқылы ашық аспан астында жасалған бассейнге жіберіледі.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
Нұржан Қалдыбеков
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

«Технологиялық ұңғымалардың екі түрі бар. Бірі жер астындағы қатты уранды күкірт қышқылы арқылы сұйықтыққа айналдырса, екінші ұңғыма сол сұйық өнімді сорып алады. Бұл жұмыстар автоматты жағдайда атқарылады, яғни жер бетіне уран жабық жағдайда көтеріледі. Экологиялық жағынан және өнімділік тұрғысынан қарағанда, бұл — ең тиімді әдіс. Содан насос арқылы тұндырғыш бассейнге жинаймыз. Барлық процес жабық жағдайда өтеді», — дейді «Қаратау» ЖШС-нің геотехнологиялық алаң басшысы Нұржан Қалдыбеков.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Бассейнде өнім су арқылы тұндырылады. Құмдардан тазартылған соң, таза ерітінді магистралдық құбырлар арқылы зауытқа жіберіледі.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
уран
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
уран
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Өңдеу цехында өнім ерітінділерден ажыратылады. Ал, аффинаж цехында уран оксиді түрінде дайын өнім шығарылады. Тұндыру, сүзу, қыздыру процестерінен өтеді. «Уран кені концентраты» стандартына сәйкес келетін уран оксиді (U3O8) алынғанға дейін 850 градустық ыстықта қыздырылады. Содан қоймаға жіберіледі. Онда уран оксиді тауарлық-орау контейнеріне құйылып, сертификатталады. Осылайша кеніште күніне 16 келіден астам өнім дайындалады. Ал, жылына 3 200 тонна уран өндіріледі.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Геотехнологиялық алаң басшысы Нұржан Қалдыбековтың компанияда жұмыс істеп келе жатқанына 16 жыл болған. Оқу орнын бітірген соң, бірден оператор болып қызметке орналасыпты. Кейін шебер, ауысым бастығы, полигон бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Арасында білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырды. Тәжірибесін шыңдады. Қазір Нұржан ең күрделі учаскелердің бірі – уран тікелей өндірілетін геотехнологиялық полигонды басқарады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде «Қаратау» — алғашқылардың бірі болып технологиялық процестерді автоматтандырған рудник. Бұл кәсіпорынға қауіпсіздік техникасын түбегейлі жақсартуға және өндірістік жарақаттануды болдырмауға, сондай-ақ зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, уран жер астында өндірілетіндіктен жер беті өзгеріссіз қалады және ландшафттың бұзылуына және қалдық қоймаларының пайда болуына жол берілмейді. Кәсіпорынның дайын өнімі — уран оксиді. Бұл өз кезегінде қауіпсіз тасымалдауға жарамды уранның зиянсыз түрі болып табылады», — дейді Нұржан Қалдыбеков.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
вахта
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Вахталық қалашықтағы жағдай

Уран өндірісінде қызмет атқаратын жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Мұнда әрбір қызметкер 15 күндік вахталық әдіспен еңбек етеді. Ал, жалақылары жоғары. Жатын орындары да қаладағы қонақ үйлерден кем емес. Әрбір бөлме 2 қызметкерге арналған.

вахта
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Таза табиғи суды тұтынып, 3 мезгіл ыстық тамақ ішеді.

вахта
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
вахта
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Жұмыстан бос уақытта бассейнге түсіп, билярд, playstation мен компьютер ойнайды.

вахта
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
вахта
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Массаж қабылдап, спортпен шұғылданады. Кітап оқып, теледидар көреді. Сондай-ақ, ыстық кофе ішуге арнайы бөлме де қарастырылған. Мұның барлығына тек арнайы белгіленген уақытпен баруға болады. Себебі, жұмысшылар уақтылы тынығып, жұмысқа да уақтылы шығуы қажет. Темірдей тәртіп. Барша іс-әрекет бейнебақылау арқылы қадағаланады.

«Қаратау руднигінде 529 адам жұмыс істейді. 60 адам орталық аппаратта болса, қалғаны вахталық әдіспен келіп кетеді. Жұмысшылардың негізгі бөлігі — жергілікті тұрғындар. Мекеме Созақ ауданының дамуына жыл сайын қаржылай көмек көрсетіп келеді. Атап айтар болсам, әлеуметтік нысандар салуға және инженерлік инфрақұрылыммен қамтуға жыл сайын 140 мың АҚШ долларын аударып отырады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 118 баланы өндіріс саласына бейімдеп, оқытып жатыр. Бұл бағытқа қаралған қаражат — 83 млн теңге. Әр мереке сайын Қаратау, Ақсүмбе, Саржаз ауылындағы 350-ге жуық баланы қуантып, сыйлықтар беріп келеді», — деді Қаратау руднигі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Олжас Сүлейменов.

Жалпы «Қазатомөнеркәсіп» соңғы үш жылда әлеуметтік маңызы бар жобаларға 2,4 млрд теңге бөлген. Ал, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жалпы сомасы 1,3 млрд теңге аударыпты.

Уран өндіру ұлғаяды

Биыл еліміздегі уран өндірісінің көлемі жылдағыдан артады. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қуаныш Омарбеков айтты. Өткен жылы 21 112 тонна уран өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 22 500 тоннаға жетпек.

Қуаныш Омарбеков
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

«Бұл жерде Қазақстан жерінде орналасқан барша уран өндіруші кәсіпорындардың үлесі бар. Ал, «Қазатомөнеркәсіптің» жылдық жоспары 11 000 тоннадан асады. Жоспарды орындауға ешқандай кедергі жоқ. 8 айдың көрсеткіші бойынша жоспарлы түрде келе жатырмыз. Алға қойған мақсаттарымызды жыл соңына дейін толық орындай аламыз», — деді Қуаныш Омарбеков.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Кәсіпорын өндірісті арттыру үшін технологияны жетілдіруге баса көңіл бөліп отыр. Сондай-ақ, техникалық университеттермен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Барлау жұмыстарын да жетілдіріп жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, келер жылы күкірт қышқылын өндіруге мүмкіндік беретін зауыт құрылысы басталмақ.

«Алдағы 10 жылдық бағдарламамызға ауқымды өзгерістер енгізіп отырмыз. Барлау жұмыстарын күшейтіп, минералдық ресурстық базаны арттыру жоспарымызда бар. Қазір 2 кеніш орнын барлауға лицензия алдық. Созақ ауданында орналасқан «Инкай-2» кеніш орнында шамамен С2 санаты бойынша санағанда 82 000 тоннадан астам уран қоры бар деп бағалап отырмыз. Ал, Жалпақ кенішінің шығыс бөлігінде Р1 және Р2 санаттары бойынша уран ресурстары анықталды. Болжам бойынша ресурстар 30 мың тоннаға дейін жетеді. Одан бөлек, жоспарда тағы 3 кеніш орны бар», — деді Қуаныш Омарбеков.

Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform
Бетпақдаладағы қалашық: Уран қалай өндіріледі
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform

Екі күн ішінде уран өндірісінің барысымен таныстық. Ал, қайтарда қызық үшін бойымыздағы радиацияны тексеріп көрдік. Қауіпті жағдайға жетпепті. Қалыпты. Содан келген көлігімізге қайта жайғастық.

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA