3 ақпан күні сағат 11:00-де Астана қаласында «Байтақ» жасылдар жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Съезд өткізу туралы шешім партия саяси кеңесінің пленарлық отырысында қабылданған. Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланып, дауысқа салынады. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады.
Съезді шақыру туралы қаулыға «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай қол қойды.
Еске салсақ, саяси партиялардың ішінен сайлау алдындағы съезді бірінші болып Қазақстан халқы партиясы өткізді.