Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндерінің республикалық фестивалі қыркүйек айының 20-шы жұлдызы күні Щучинск қаласы жоғары техникалық колледжі көрермен залында «Балалар өнер мектебі» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Дәстүр бойынша, 1 маусымда, бүкіл әлем сияқты, Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі.
Фестивальдің басты мақсаты — балалар әндерін қазақ тілінде насихаттау және тарату.
Фестивальдің міндеттері:
— білім алушыларды балалар шығармашылығының ең қолжетімді және жаппай түрі ретінде ән өнеріне кеңінен тарту;
— білім алушылар арасында қазақ тіліндегі балалар әндерінің репертуарын кеңейту;
— ән өнерінің отандық дәстүрлерін сақтау және дамыту;
— балалардың рухани-адамгершілік және музыкалық-эстетикалық тәрбиесі.
Білім алушылар арасында фестиваль өткізу — әр ұйымның өміріндегі ерекше оқиға. Фестиваль тек қызығушылықты оятуға, көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар қызығушылықты, ана тіліммізді білуге деген ұмтылысты оятуға, өз Отанының күші мен ұлылығына деген мақтаныш сезімін нығайтуға арналған. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында бірнеше ай бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінде қазақ тілінде балалар әндері шырқалатын болады. Фестиваль — бұл білім беру, мәдениет ұйымдарын ғана емес, білім алушыларды, педагогтерді, ата-аналарды біріктіруге арналған үлкен маңызды жоба.
Гала-концерті 2025 жылғы 1 маусымда Астана қаласында өткізіледі.Танымал әндерді орындаушылар Республикалық Гала-концертке әкімдердің жолдамаларын алады. Гала-концерттің барлық қатысушылары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдамалармен марапатталады.Фестивальдің мақсаты мен міндеттерін іске асыру, қазақ тілінде ең ұнаған балалар әндерін жүйелі орындау бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Фестиваль балаларды қазақ тілінде балалар әндерін үйренуге және орындауға ынталандыруға ықпал ететін болады.
Аталмыш іс-шараны белсенділік танытып Балалар өнер мектебі қызметкерлері де жоғары кәсіби деңгейде өткізді. Фестивальдің барлық қатысушыларына тілеріміз өнердің биік шыңдарынан көріне беріңіздер!
Г. Тлеспаева, БӨМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
К. Узбаев, БӨМ-нің қызметкері аудармашы