Қазақстанда электр қуатының тапшылығы күннен-күнге өткір бола бастады. 

 Adal Adam 30.09.2024 | 17:01

АЭС: энергетикалық тәуелділіктен құтқарады

Сарапшылар тапшылық тәулігіне 1200 МВт-қа жететінін айтуда. Мұның басты себебі, тұтыну деңгейінің артуы, тозуы және энергетикалық инфрақұрылымның апаттылығы жоғары болуынан. Бұл генерациялау секторына жаңа станцияларды салуды тездетіп шешуді талап етеді. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Талғат Темірхановтан осыған қатысты сұрақтарға жауап алдық.  

– Елде энергия тапшылығы бар. Келешекте тұтыну деңгейі өсіп, сұраныс арта беретіні тағы анық. Энергетика министрлігінің жеті жылдық болжамына бойынша, 2029 жылға қарай 3 ГВт-тан астам электр қуатының тапшылығы орын алады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл экономиканы тежеп, дамуымызға кедергі келдіреді. Қазірден бастап экономиканың энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын ойлап, жаңа генерация көзін табу маңызды. Бізге ЖЭС-ді жаңартып, жаңғырту қажет пе, әлде АЭС салған дұрыс па?

– Соңғы жылдардағы Екібастұз, Рудный, Риддер және Теміртаудағы апат ЖЭС-ның қауіпсіздік деңгейі төмендей бастағанын көрсетті. Энергетика министрлігінің мәліметінше, жұмыс істеп тұрған 37 жылу электр орталығының 19-ы қызыл аймаққа, 11-і – сары, 7-і ғана жасыл аймаққа енеді. ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66 пайызды құрайды. Бүгінде электр энергиясын өндіретін станциялардың 55,5 пайызы 30 жылдан асты. Бұл энергетика саласында күрделі мәселелер бар екенін, әрі энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қиындықтар бар екенін аңғартады. Яғни электр энергиясының негізгі бөлігі ескірді, жаңғыртуға қомақты қажет. 2015 жылы Париж келісіміне сай Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекітіп, газдар шығарындысын азайтуы тиіс. Атом электр станциялары сынды тұрақты энергия көздерінсіз ел энергия тапшылығына, генерациялаушы қуаттардың теңгерімсіздігіне және халықаралық экологиялық міндеттемелерді орындау қиын. Енді ескірген станцияларды жаңартқан дұрыс па, әлде жаңа генерация көздерін іздестірген дұрыс па? Бұл сұраққа жауап іздесек – АЭС салуды кешіктіре беруге болмайтынын түсінеміз.    

– Мәселені шешуде балабалы энергия көздері көмек тесе алмай ма?

– Сөссіз, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) генерацияның негізгі компонентінің бірі саналады. Елдің өңір-өңірлерінде желден, күннен энергия алу станциялары құрылуда. ЖЭК пайдалануды шектейтін объективті қиындық табиғи көздер жұмысының тұрақсыздығымен байланысты. Жел генераторлары – желсіз, күн панельдері – күнсіз жұмыс істемейді. Баламалы энергия көздерімен жағдайды түбегейлі реттеу қиын, олар тұрақты энергия көзі бола алмайды.

– Ертеңгі қиындықтарды анықтауда бүгінгісін білу маңызды. Қазір энергия тапшылығы қандай деңгейде?

– Шамаман тәулігіне электр энергиясының 6 пайызын сырт елдерден импортталады. Көп бөлігі Ресей Федерациясынан тасымалданады. Шыны керек, қазірдің өзінде энергияға тәуелділік бар. Жыл өткен сайын халық саны көбейіп, бизнес субъектілері мен ірі өндіріс орындары ілгерілеп, электр энергиясына деген сұраныс өседі. Бұл барлық елге ортақ мәселе. Өзбекстан мәселені шешуде АЭС салумен байланыстырып отыр. Біріккен Араб Әмірлігі АЭС-ті іске қосты. Египет, Түркия АЭС-тің игілігін көруге ниетті. Бұл елдерде шикізат көзі тапшы, кадр мәселесі де бар. Шикізат тапшылығы бар елдер АЭС-ті басымдық етеді. Озық елдердің де тәжірибесінен осыны көруге болады. 

– Энергияның 6 пайызын импорттап отырмыз дедіңіз. Бұл қай өңірлер?

– Қазақстан энергетикалық тұрғыда үш жүйеге бөленеді. Солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлері. Солтүстікте энергия көлемі көп. Оңтүстікте керісінше, электр энергиясы тапшы. Түркістан облысына іс-сапармен барғанымызда кәсіпкерлермен арнайы кездестік. Сонда іскер азаматтар кәсібін дамытуда тұрақты, тоқтаусыз энергия керектігін айтты. Ал, батыс елдің электр желісіне қосылмаған өңір. Ондағы тапшылықты (Батыс Қазақстан облысына керекті) Ресейден алып отырмыз.

– Атом генерациясы мен жылу станциясын салыстырғанда артықшылығы мен кемшілігі неде?

– Атом станциясы тұтынатын шикізаты аз, соған сай қалдығы да төмен, бірақ өндірілетін энергия көлемі көп. Бәрінен бұрын, ауаға бөлінетін газдары жоқ деуге болады. ЖЭС-те керісінше. 

Енді ескірген станциялардан бас тартып, орнына технологиясы озық, экологияға кері әсері төмен жаңа генерация көздерін табу керек. Соның бірі – АЭС. Әзірге басқа энергия көзі жоқ болып тұр.

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района