4 ақпанда Астана қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шешім партия президиумының 23 қаңтардағы отырысында қабылданған.
Съезде партияның Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауына қатысу мәселелері қаралады.
Жиынға Қазақстанның өңірлерінен 100-ден аса делегат қатысады деп күтіліп отыр.