Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Мәжіліс сайлауына кандидаттар құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл құжаттар тізімінде партияның жоғары органының хаттамасынан үзінді, ҚР Әділет министрлігінде саяси партияны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, партиялық тізім, азаматтардың партиялық тізімге енуге келісімі туралы өтініші және өмірбаяндары, мүгедектігі бар кандидаттардың анықтамалары бар.

Ал тіркеу кезінде кандидат пен оның жұбайының 2023 жылғы 1 қаңтарға активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы және сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат талап етіледі.

Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

«Бір мақсатымыз ғана бар – тек қана жеңіске жету керек. Бүгін Халық партиясынан кандидаттар тізімін тапсырып шықтым. Онда 52 кандидаттан құралған тізім бар. Өздеріңіз білесіздер, дүйсенбі күні біздің Халық партиясының съезін өткіздік, мен баяндама жасадым, сонда бәрін айттым. Қазір еш алып-қосарым жоқ. Сайлау туралы заңға сәйкес, әзірге ешқандай ақпарат жариялай алмаймыз. Орталық сайлау комиссиясы ешқандай үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынғанын ескертті», — деді Е. Ертісбаев Орталық сайлау комиссиясында тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 30 қаңтарда Қазақстан халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде кандидаттар тізімі бекітілген еді. Партиялық тізімде алты ұлттың өкілі бар. Кандидаттардың орташа жасы 50 жас. Сонымен қатар тізімдегі әйелдер, жастар және мүгедек жандардвң үлесі 32,6 пайызды құрайды.

Народная партия Казахстана зарегистрировала документы в ЦИК
 
Народная партия Казахстана зарегистрировала документы в Центральной избирательной комиссии, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Сегодня я сдал список кандидатов от нашей партии в Центральную избирательную комиссию из 52 человек. В понедельник мы провели съезд нашей партии, где я озвучил всю информацию», — сказал председатель партии Ермухамет Ертысбаев на брифинге в ЦИК.
Он предупредил журналистов о том, что сейчас не может сообщить больше информации, чтобы не нарушать выборное законодательство страны.
«Добавить мне нечего, и самое главное – в соответствии с выборным законодательством сейчас любая информация от меня будет трактоваться, как нарушение закона. Центризбирком предупредил нас, чтобы не было сейчас никакой пропаганды, агитации и т.д», — отметил спикер.
Напомним, Е. Ертысбаев пообещал уступить свое место другому в случае, если фракция партии в Парламенте будет небольшой.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды