Биыл Ақмола облысының прокуратурасы алаяқтыққа, есірткінің заңсыз айналымына және жер құқықтарын қорғауға қарсы күресті қоса алғанда, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қосты.

Сондай-ақ, экономикалық жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылданды және заңнаманың сақталуын бақылау айтарлықтай күшейтілді. Ведомство жұмысының қорытындысы туралы брифингте облыс прокуроры Руфат Құттықов айтып берді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі жер қатынастары мен жылжымайтын мүлік саласындағы проблемаларды шешу болды.

Заңсыз берілген немесе мақсатсыз пайдаланылып жатқан 300 мың гектардан астам жерлерді мемлекетке қайтару бойынша биыл прокуратурамен енгізілген 5 қадағалау актілер аясында уәкілетті органмен сотқа талап-арыздар дайындалып жатыр. Айта кету керек, прокуратураның арқасында заңсыз пайдаланылған жер учаскелерінің едәуір бөлігі қайтарылды, бұл ауылшаруашылық мақсатындағы жер тапшылығын азайтуға ықпал етті.

Сонымен қатар, прокуратура жеке үйлерді заңдастыру бойынша белсенді жұмыс жасады. Атап айтқанда, Целиноград ауданында «бір терезе» жүйесі негізінде мыңға жуық жеке үй заңдастырылды, бұл өңірдегі заңсыз құрылыстардың жалпы санының 60%-ын құрайды. Бұл тұрғыда 350 жер учаскесіне арналған мекен-жайлар берілді және 286 нысанға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмалары әзірленді.

«Қылмыстық ахуал саласында қылмыстардың 6,6% — ға өсуі, оның ішінде алаяқтық жағдайларының 16% — ға артуы байқалады. Прокуратура ықтимал алаяқтық туралы ескертулері бар бейнероликтер мен СМС-ескертулерді тарату арқылы бұл мәселемен белсенді күресуде.

Осы күш — жігердің нәтижесінде қылмыстардың өсуін төмендетуге қол жеткізілді: егер бірінші тоқсанда өсім 175,6% -ды құраса, қазіргі уақытта ол 16% — ға дейін төмендеді», — деп атап өтті Ақмола облысының прокуроры.
Маңызды жетістіктердің бірі қаржы пирамидаларының заңсыз қызметіне байланысты бірқатар қылмыстарды ашу болды.

Прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесіп осындай схемаларды ұйымдастыратын күдікті компанияларды анықтады және олардың басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалды.

Есірткі қылмыстары прокуратура жұмысының маңызды бөлігі болып қала береді. Биыл анықталған есірткі қылмыстарының саны 13,5% — ға өсті. 488,4 кг есірткі, оның ішінде 129 кг синтетикалық заттар тәркіленді. Ең ірі операциялардың бірі Ерейментау ауданында синтетикалық есірткі өндіретін жасырын есірткі зертханасының жолын кесу болды.

Бұдан басқа, өңірде есірткі трафигіне қарсы күрес шеңберінде көлік компанияларымен кездесу өткізіліп, есірткі тасымалдарымен күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бизнес құқықтарын қорғауға және инвесторларды қолдауға ерекше назар аударылады. Прокуратура 190 млрд теңге сомасындағы жобаларды іске асыратын 24 инвестордың мәселесін шешу, олардың құқықтарын қорғау және бизнестің тұрақты өсуіне жағдай жасау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Осы жұмыстың нәтижесінде 5 мың кәсіпкер қажетті қолдауға ие болды, ал 27 лауазымды тұлға кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, прокуратура түзеу мекемелерінде сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда облыста сотталғандардың 60% — дан астамы ел экономикасына үлес қосуда.

Көкшетауда өздері дайындаған өнімдер сатылатын дүкен-цехтың ашылуы осы санаттағы адамдар арасында табысты әлеуметтік оңалту мен жұмыспен қамтуды арттырудың жарқын мысалы болып табылады», — деп атап өтті Руфат Құттықов.

Биылғы прокуратура жұмысының маңызды аспектісі Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «ҰРПАҚ» жобасы болды. Жоба балаларға қорқыту немесе басқа да құқық бұзушылықтар туралы жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін Telegram ботын жасады. Осы жоба арқылы 450 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 30 отбасына көмек көрсетіліп, 25 отбасына психологиялық көмек көрсетілді.

Итоги работы прокуратуры Акмолинской области: борьба с преступностью и защита прав граждан

В этом году прокуратура Акмолинской области сделала значительный вклад в решение актуальных проблем региона, включая борьбу с мошенничеством, незаконным оборотом наркотиков и защиту земельных прав. Также были предприняты шаги для улучшения экономической ситуации, и значительно усилен контроль за соблюдением законодательства. Об итогах работы ведомства на брифинге рассказал Прокуратур области Руфат Куттуков, передает Региональная служба коммуникаций.

Одним из важных направлений работы стало решение проблем в сфере земельных отношений и недвижимости. В этом году прокуратура подготовила несколько исковых заявлений по возвращению более 300 тысяч гектаров земель, незаконно переданных в частные руки. Важно отметить, что благодаря прокуратуре, значительная часть земельных участков, используемых незаконно, была возвращена, что способствовало снижению дефицита земель для сельскохозяйственного использования.

Кроме того, прокуратура активно работала над легализацией частных домов. В частности, в Целиноградском районе на базе системы «одного окна» была узаконена почти тысяча частных домов, что составляет 60% от общего числа незаконных строений в регионе. В этом контексте также были выданы адреса для 350 земельных участков и разработаны архитектурно-планировочные задания для 286 объектов.

“В области криминальной ситуации наблюдается рост преступлений на 6,6%, в том числе увеличение случаев мошенничества на 16%. Прокуратура активно борется с этой проблемой, распространяя видеоролики и СМС-оповещения с предупреждениями о возможных мошенничествах. В результате этих усилий удалось снизить рост преступлений: если в первом квартале рост составлял 175,6%, то на данный момент он снизился до 16%”, — отметил прокурор Акмолинской области.

Одним из значимых достижений стало раскрытие ряда преступлений, связанных с незаконной деятельностью финансовых пирамид. Прокуратура совместно с правоохранительными органами выявила подозрительные компании, организующие такие схемы, и в отношении их руководителей возбуждены уголовные дела.

Преступления в сфере наркотиков также остаются важной частью работы прокуратуры. В этом году на 13,5% увеличилось количество выявленных наркопреступлений. Было изъято 488,4 кг наркотиков, включая 129 кг синтетических веществ. Одним из самых крупных операций стало пресечение подпольной нарколаборатории по производству синтетических наркотиков в Ерейментауском районе.

Кроме того, в рамках борьбы с наркотрафиком в регионе была проведена встреча с транспортными компаниями, подписан меморандум о сотрудничестве по борьбе с перевозками наркотиков.

Особое внимание уделяется защите прав бизнеса и поддержке инвесторов. Прокуратура активно работает над решением проблем 24 инвесторов, реализующих проекты на сумму 190 млрд тенге, защищая их права и создавая условия для стабильного роста бизнеса. В результате этой работы 5 тысяч предпринимателей получили необходимую поддержку, а 27 должностных лиц были привлечены к дисциплинарной ответственности за нарушения в сфере предпринимательства.

“Кроме того, прокуратура активно работает над повышением трудозанятости осуждённых в исправительных учреждениях. На сегодня более 60% осуждённых в области трудятся, внося вклад в экономику страны. Открытие магазина-цеха в Кокшетау, в котором реализуется продукция, изготовленная ими, является ярким примером успешной социальной реабилитации и повышения занятости среди данной категории лиц”, — отметил Руфат Куттуков.

Важным аспектом работы прокуратуры в этом году стал проект «ҰРПАҚ» по защите прав детей. В рамках проекта был создан Telegram-бот, позволяющий детям анонимно сообщать о фактах буллинга или других правонарушений. Благодаря этому проекту удалось привлечь 450 человек к административной ответственности и оказать помощь 30 семьям, а также предоставить психологическую помощь 25 семьям.

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA