Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті активтерді ерікті түрде қайтару туралы 50-ден астам келісім жасасты. Бұл туралы Kazinform агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген аталған комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков айтты.

Қазіргі уақытқа дейін арнаулы мемлекеттік қорға шамамен 188 млрд теңге түсіп, басқарушы компанияға 87 млрд теңгенің активтері табысталды.

— Бүгінде біз комиссияның мақұлдауымен активтерді ерікті түрде қайтару туралы 50-ден астам келісім жасастық. Жалпы сомасы шамамен 1 трлн теңгеден асады. Активтердің беруге дайындалуы, бағалануы тиістігі, тәуелсіз сараптама, аудит жүргізілуі қажеттігі түсінікті. Бұл аудит егер жоғары табыс болса, онда жоғары табыстың есебін зерделеуі қажет. Яғни, активтерді берудің өзі келісімшарт жасалған сәттен жүзеге асырылмайды, белгілі бір уақытта алады, — деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оның атап өтуінше, активтерді ерікті түрде қайтару құпталады.

— Егер субъект ниет танытып, бізге келісім процедурасын жүргізу және ерікті түрде қайтару немесе акивтер мен мүліктерді беру туралы өтініш білдірсе, біз тиісті жұмыс істейміз. Біз жұмыс істеп жатқан заңға ілігетін субъектілердің басым бөлігі осы жолмен жүрді. Екінші жолы бар, ол — мәжбүрлеп қайтару. Комитет сараптамалық тексеру жұмысын жүргізген кезде заңдылықты негізді түрде күдік тудыратын актив анықталатын болса, онда біз сотқа түсініксіз байлыққа байланысты сотқа шағым түсіреміз, — деді комитет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай енді заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады.

Сонымен қатар Президенттің заңсыз активтерді қайтару бағытындағы тапсырмаларын орындау аясында арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге жиналды.

https://kaz.inform.kz/news/urlangan-tagi-br-trln-tenge-kazakstanga-kaytarildi-929768/

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA