Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Депутаты Наталья Дементьева, Бурабай ауданына арнайы ат басын бұрып «Аманат» партиясының филиалында жергілікті бурабайлықтармен кездесті. Кездесу барысында қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған мемлекеттік тілдің дамуы жайлы, нашарқорлыққа жол бермеу керектігін баса айтып, осы тақырыптарға өз ойын ортаға салды.
Жалпы, өткенде Ұлт баспасөзі Ана тіліне берген Президентіміздің сұқбатында айтылған ауқымды да, маңызды дүниелерді талқылап, халыққа жеткізді. Қазіргі күні өңір бойынша ауқымды істер атқарылып, жұмыстар оң нәтижесін беріп жатыр. Әлі де атқаратын шаруалар бар,-дейді Наталья Дементьева ханым.
Жиын барысында халық қалаулысына арнайы сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар қайтарылды. Жиыннан кейін Мәжіліс Депутаты тұрғындарға жеке қабылдау жасады.
Аталмыш жиынға Бурабай ауданының әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы «Аманат» партиясы филиалының төрағасы, аудан ақсақалдары, бірқатар бөлім басшылары қатысты.
«Бурабай -ақпарат»