Өңірде жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы әзірленді. Ол өңдеу өнеркәсібі, ауыл және орман шаруашылығы, қызмет көрсету салалары бойынша жаңадан пайда болатын және жоғалып бара жатқан мамандықтарды қамтиды. Бұл еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға негіз болады. «Облыста 29 колледжде 20 мыңнан астам студент оқиды. Олардың оқу бағдарламалары кәсіпорындардағы жаңа технологияларға сәйкестендірілген. Бүгінде ең қажетті мамандықтардың бірі – аграрлық сала. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы мамандары цифрлық технологияларды қолдана білуі керек, сондықтан біздің оқу орындарымызда осы бағыттарға ерекше назар аударылады», – деп мәлімдеді білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов. Жыл сайын облыста 6 мыңға жуық жас маман колледждерді бітіреді. Форум аясында студенттер мен мектеп оқушылары түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, өздерін әртүрлі мамандықтарда сынап көруге мүмкіндік алды. Форумның соңында қатысушыларды сән көрсетілімі және жергілікті өнерпаздардың концерті күтті. Іс-шара екі күнге созылады және түрлі көрмелер, пікірталастар мен кәсіби тренингтермен жалғасады.