28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі өтті. Жарысқа әлемнің 18-ден астам елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен үздік спортшылар сынға түсті.
Могул бойынша финалдық кезең қатты тұманға байланысты өтпей қалды. Әйелдер арасындағы жеңімпаздар бірінші финалдың (F1) нәтижелері бойынша, ал ерлер іріктеу кезеңінің көрсеткіштері негізінде анықталды.
Ерлер:
Бірінші орын — Микаэль Кингсбери (Канада), екінші орын — Чон Дэюн (Оңтүстік Корея), үшінші орын — Икума Хоришима (Жапония)
Әйелдер арасында бірінші орын — Тесс Джонсон (АҚШ), екінші орын — Джейлин Кауф (АҚШ), үшінші орын — Рино Янагимото (Жапония)
Қазақстандық спортшылар арасында Павел Колмаков – 5-орын, Анастасия Городко – 6-орын, Юлия Галышева – 7-орын иеленді.
«Параллель могул» жарыстары
1 наурызда өткен «параллель могул» жарысында Қазақстан құрамасының мүшесі Анастасия Городко қола жүлдегер атанды.
Ерлер:
бірінші орын — Микаэль Кингсбери (Канада), екінші орын — Икума Хоришима (Жапония), үшінші орын — Мэтт Грэм (Австралия)
Әйелдер:
Бірінші орын — Джейлин Кауф (АҚШ), екінші орын — Рино Янагимото (Жапония), үшінші орын — Анастасия Городко (Қазақстан).
Юлия Галышева 5-орынға, Павел Колмаков 10-орынға тұрақтады.
Шаңғы акробатикасы бойынша жарыстар
2 наурызда фристайлдың тағы бір бағыты – шаңғы акробатикасы бойынша жарыстар өтті.
Ерлер:
Бірінші орын — Ван Синди (Қытай), екінші орын — Ноэ Рот (Швейцария), үшінші орын — Ци Гуанпу (Қытай)
Әйелдер:
Бірінші орын — Лаура Пил (Австралия), екінші орын — Сюй Мэнтао (Қытай), үшінші орын — Даниэль Скотт (Австралия).
Қазақстандық Аяна Жолдас 9-орынға ие болып, финалға өтті.
Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық спортшылар финалға шыға алмады.
Қазақстанда қысқы спорт түрлері қарқынды дамуда
FIS өкілдері мен спортшылар Шымбұлақтағы трассалардың жоғары деңгейде дайындалғанын және жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазақстан туризмін дамытуға оң ықпалын тигізетін мұндай жарыстар шетелдік спортшылар мен туристерді қызықтыруда.
Биыл Алматыда 6 Әлем Кубогы кезеңі, Әлем чемпионаты, Жастар арасындағы әлем чемпионаты және Азия Кубогы өтеді.
Қазақстан фристайлдан халықаралық деңгейдегі беделді алаңға айналып келеді. Бұл елдегі шаңғы спорты мен спорттық туризмді дамытуға, жастар арасында қысқы спорт түрлерін насихаттауға үлкен қадам болмақ.
Келесі FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері 11-13 наурызда Италияның Ливиньо қаласында өтеді.