«Қазақстан заңгерлері одағының» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай «Әділ сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастағанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Заңгерлер одағының жанында Әділ сайлау үшін штабы құрылған. Біз Президент сайлауы кезінде жұмыс істедік енді сол істі 19 наурызда болатын Парламент сайлауына дейін жалғастырамыз. Ондағы мақсат — халыққа сайлаудың процестерін кеңінен түсіндіру. Оның ішінде аудандық, облыстық мәслихаттарды сайлау және республикалық мәжілістегі сайлауды жіті түсіндіру жұмыстары кіреді, — деді Серік Ақылбай.
Заңгердің айтуынша, ел бойынша штабтың 7 мүшесі бар сонымен бірге ел өңірлерінде 150 заң заң консультанттары жұмыс істейді. Олар әр өңірдегі штабтың филиалдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізбек.
Біз бүкіл республиканы қамтып жұмыс істейміз. Партияны тіркеу жөніндегі сұрақтар да көп, олардың арасында тіркеле алмай жүргендері де бар. Біздің штаб сол мәселелердің бәрін тыңғылықты түсіндіруге тырысады. Біздің мақсатымыз үгіттеу емес, заңды түсіндіру. Себебі, халық сайлауға сауатты болып қатысса, ол басқа дүние, құр жай біреудің елеуімен қатысу ол бір бөлек нәрсе, — деді «Қазақстан заңгерлері одағының» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.