Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжілісте әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы мемлекеттік шаралар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемені уақытылы және толық орындап отыр. Осы мақсатта зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индекстелді.

Жалақы өсімі

  • Әскерилер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы – 40%-ға;
  • Мәдениет және архив саласы қызметкерлерінің еңбекақысы – 20%-ға;
  • Мемлекеттік балық шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы – 80%-ға;
  • Техникалық персонал, орманшылар, іс жүргізушілер және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 70%-ға дейін артты.

Сонымен қатар, зиянды өндірісте еңбек ететін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Әлеуметтік осал топтарға қолдау

Биыл 5 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығымен беру жоспарланған.

Ауылдық жерлердегі жұмыс орындары

2024 жылы 970 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 400 мыңнан астамы – жастар. Бұл бағытта «Ауыл аманаты» және «Ауыл – ел бесігі» жобалары іске асырылып жатыр.

Республикалық және жергілікті бюджет шығындарының жартысынан астамы – 18 трлн теңгеден астам қаржы – әлеуметтік салаға бағытталған. Қазіргі уақытта әлеуметтік мақсаттарға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау күшейтілуде. Бұл процестерге цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр, — деді Ермек Көшербаев.

От Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Үкімет бірыңғай сағаттық белдеуді енгізу туралы шешімді толықтай қолдайды — Е.Көшербаев
Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға әсері туралы зерттеу нәтижелері бойынша Үкімет есебін тыңдады.
Бұл зерттеу жұмысы «AMANAT» Фракциясының ұсынымын іске асыру шеңберінде 6 бағыт бойынша жүргізілді. Беделді ғалымдар мен сарапшылар, ғылыми институттар тартылды. Зерттеу барысында географиялық параметрлері ұқсас әр түрлі мемлекеттің тәжірибесі назарға алынды.
Депутаттар алдында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев сөз сөйледі.
– Салыстырмалы талдау жұмысы Еуропадағы көптеген дамыған елдерде Қазақстанға ұқсас таң ату және күн бату мерзімі бар екенін көрсетті. Аталған мемлекеттер осындай жағдайда белсенді дамып келеді. Адами капиталды дамыту бойынша да жоғары көрсеткіштерге ие. Осыған байланысты Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді қолдай отырып,  оны толық негізделген деп санайды, – деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол зерттеу нәтижелері бірыңғай уақыт белдеуіне көшу елдегі білім беру процесінің нәтижелеріне теріс әсер етпегенін, сондай-ақ ЖКО мен көшедегі қылмыс жағдайына айтарлықтай әсерін тигізбегенін растады.
Сонымен қатар бүгінде Шығыс Қазақстан облысының жеті ауданында жұмыс кестесіне түзету енгізілді. Бұл бастама жергілікті тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты.
Халық қалаулыларының сұрақтарына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Үкіметтің өзге де өкілдері жауап берді.
А. Шаққалиевтің айтуынша, алдын ала деректер халық өмірінің негізгі көрсеткішіне және экономиканың негізгі салаларының жұмыс істеуіне өзгерген уақыт белдеуінің тигізген теріс әсерін анықтаған жоқ.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бірыңғай уақыт белдеуін енгізу қадамы денсаулық сақтау саласына оң өзгеріс алып келгенін, аурулар санының төмендегенін атап өтті. Мәселен, жедел жәрдем шақырту саны 0,4%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттану көрсеткіші 3,5%-ға, психикалық және мінез-құлық бұзылысы 1,6%-ға, жарақаттану көрсеткіші 3,3%-ға, қатерлі ісіктер көрсеткіші 1,7%-ға төмендегені байқалды. Яғни, уақытты ұтымды бөлу – қоғамдық денсаулыққа оң әсерін тигізуде.
– Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкімет уақыт белдеуін ауыстырудың азаматтардың тұрмысына және ел экономикасына әсерін жан-жақты зерттеуі тиіс екенін атап өтті. Бүгін Үкімет «AMANAT» фракциясының депутаттарына осы ғылыми зерттеудің қорытындысын таныстырды. Ол ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен өткізіліп, Қазақстанда бірыңғай уақытты енгізу туралы шешімнің ғылыми негізділігін көрсетті, – деді Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов.
Талқылау жұмысын қорытындылай келе, депутаттар Үкіметтің ғылыми-зерттеу нәтижесін қабылдады. Депутаттар зерттеу қорытындысын қалың бұқараға жеткізудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, депутаттар Үкіметке жергілікті билік органдарымен, мәслихаттармен бірлесіп, еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуінің маңызы мен ғылыми негізі туралы арнайы түсіндіру жұмысын жүргізуді ұсынды. Бұл жұмысқа ғалымдарды, сарапшылар тобының өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын белсенді тарту керек. БАҚ пен әлеуметтік желілерде тиісті ақпараттық жұмыс ұйымдастыру қажет.
Сонымен қатар, халық сұранысы мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, жергілікті жерлерде жұмыс кестесін өзгерту тәжірибесін жалғастыру керек.