«AMANAT»-тың өңірлік және аумақтық филиалдары конференцияларының қорытындысы бойынша партиядан облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының мәслихаттарына тізімдер бекітілді. Сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихаттарға бірмандатты округтер бойынша кандидаттар ұсынылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«AMANAT» партиясы өз кандидаттарын барлық депутаттық мандатқа, яғни барлық деңгейдегі 223 мәслихатқа ұсынады. Осылайша, жаңа сайлау заңнамасына сәйкес партиялық тізімдер бойынша 740 адам және бірмандатты сайлау округтері бойынша 3081 адам ұсынылды. Барлығы 3821 үміткер.

Партиялық тізімдерде 20 өңірлік мәслихатта «жаңа есімдердің» үлесі – 75%-ды құрайды. Оның ішінде әйелдер – 31%, 29 жасқа дейінгі жастар – 23%. Үміткерлердің орташа жасы – 46. Олардың арасында кәсіпкерлік, білім және ғылым, азаматтық сектор, ауыл шаруашылығы, мәдениет, денсаулық сақтау және БАҚ саласының өкілдері басым.

Аудандық және қалалық мәслихаттарға бірмандатты сайлау округтері бойынша партиядан 2747 кандидат ұсынылады. Талдауға сәйкес, кандидаттардың ішінде әйелдердің үлесі – 28%-ды, 29 жасқа дейінгі жастар 23%-ды құрайды. Олардың орташа жасы – 48. Сонымен қатар, партиядан ерекше қажеттілігі бар 56 адам сайлауға түседі.

«Мемлекет басшысы мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буыны болуы тиіс екенін айтқан болатын. Партиялық тізім бойынша да, бірмандатты округтерде де біз ұсынған кандидаттар – өз ісінің маманы, халықтың игілігі үшін жұмыс істеуге дайын патриоттар. Бұл ретте, «AMANAT» партиялық тізімдерінің жаңаруы былтыр басталған партияны терең трансформациялаудың нәтижесі деуге толық негіз бар. Алдағы сайлау науқанына «AMANAT» жаңа мақсат-мүддені көздеп бармақ. Оның басты миссиясы – Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі болу және Әділетті Қазақстанды құру. Біз ашық саяси бәсекеге дайынбыз!», — деп жазды партия төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды