-Олимпиаданың негізгі мақсаты қатысушылардың есептеу жылдамдығын, логикалық ойлау қабілетін және зейінін сынау болғанымен, біздің жас данышпандарымыз тек арифметикалық есептерді ғана емес, күрделі математикалық тапсырмаларды да жоғары деңгейде шешіп шықты. Жас данышпандарымыздың одан әрі жетістікке жетуі – біздің ортақ мақсатымыз, — деді «Best education» орталығының басшысы Әсел Жұмабаева.
Оқытушылар алдағы уақытта да өңіріміздің жас өрендеріне арналған халықаралық жарыстарға қатысып, олардың білімін шыңдау және әлемдік деңгейде танылу үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты.
-Мен осындай кең ауқымды жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Осы орайда ұстазым мен ата-анама мұндай мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіргім келеді, — деді оқушы О.Исатай.