Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық партиялардың бюджеттен алатын ақшасы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жақын арада 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша Парламентке барамыз. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясының деректері аясында осы бюджетті қайта қарап, партиялар арасында бөлеміз. Заң бойынша бұл қаражатты Парламентке фракция болып енген партиялар алады», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Осы орайда министр жинаған дауыс санына қарай тиісті әдістеме бар екенін және осы дауыстар бойынша қаржыландыру жүргізілетінін айтты.

«Мәселен, 2022 жылы шамамен 8,5 миллиард теңге қарастырылған еді. Оның басым бөлігі Amanat партиясына, 1 миллиард теңгеге жуығы «Ақ жолға», сондай-ақ 800 миллион теңге Қазақстан халық партиясына бөлінді», — деді Жамаубаев.

Парламентте көбірек дауыс жинаған партияға биыл да көбірек ақша бөліне ме деген сұраққа министр: «Иә, дұрыс. Бұл дауыс санына байланысты», — деп жауап берді.

Как распределят деньги между партиями после выборов, ответил глава Минфина

Заместитель премьер-министра — министр финансов Ерулан Жамаубаев озвучил сумму, которую казахстанские партии получат из бюджета, передает корреспондент Tengrinews.kz.

Глава Минфина отметил, что, исходя из заявок Центральной избирательной комиссии, будет пересмотрен и перераспределен бюджет. Финансирование получат только партии, которые пройдут в Парламент.

«В ближайшее время пойдем в Парламент с уточнением республиканского бюджета на 2023 год. Исходя из заявок Центральной избирательной комиссии, мы пересмотрим данный бюджет. Соответственно, будем перераспределять», — заявил Ерулан Жамаубаев.

Он также рассказал, какие партии получат максимальное финансирование по итогам предстоящих парламентских выборов.

«Есть соответствующая методика по распределению голосов. По этим голосам осуществляется финансирование. В 2022 году, если не ошибаюсь, около 8,5 миллиарда тенге была общая сумма. Большая часть была партии Amanat, около 1 миллиарда тенге — «Ак жолу», и где-то 800 миллионов тенге — для Народной партии Казахстана», — сказал глава Минфина.

На вопрос о том, означает ли это, что и в этом году большую сумму получит та партия, которая получит больше мест в Парламенте, министр ответил: «Да, абсолютно верно. Это исходит из количества голосов».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды