Мәжіліс сайлауы қарсаңында қазақстандықтар өздерін дауыс берушілер тізімінен алдын ала тексере алады. Толығырақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен бұқараны сайлау туралы хабардар ету мақсатында Egov.kz, E-өтініш порталында баннер жарияланды. Сонымен қатар сайлау туралы баннер eGov mobile, kaspi.kz және halyk bank мобильді қосымшаларында қойылды. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында да сайлау туралы хабар беретін баннер ілінді. Біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 20 өңірде Call орталық ұйымдастырды. Алматы қаласы және Қостанай облысы бойынша орталық нөмірі «1315», ал қалған өңірлер бойынша «109» нөміріне хабарласуға болады», — деді Әсет Тұрысов Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында.

Вице-министрдің айтуынша, Call орталыққа хабарласып сайлауға қатысты туындаған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі бар.

«Сонымен қатар дауыс берушілер ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) арқылы сайлау тізімінен өзін тексере алады. Ол үш сервис арқылы жүзеге асырылады, атап айтқанда sailau.gov.kz, sailau2023.gov.kz www.gov.kz sailau. Сол сияқты 6 наурызда Kcell, Beeline және Tele2 абоненттерін қолданушыларға жаппай push хабарлама жіберіледі. Ол жерде «Өз сайлау учаскеңізді біліңіз» деген мәтін болады және сілтеме көрсетіледі», — дейді ол.

Айта кетсек, бүгін ОСК кезекті отырысы өтті. Жиында белгілі болғандай саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтеді.

Сондай-ақ, Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгені туралы хабарлаған едік.

26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.

Одан бөлек, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылды.

В 20 регионах запустили сall-центры

Вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Асет Турысов сообщил, что казахстанцы могут заранее до выборов в Мажилис проверить себя в списках избирателей, передает корреспондент МИА «Казинформ».

«В Центрах обслуживания населения вывешен баннер с сообщением о выборах. Наше министерство совместно с местными исполнительными органами организовало call-центры в 20 регионах. В Алматы и Костанайской области можно позвонить по номеру 1315, в остальных регионах — по номеру 109», — сказал Асет Турысов в ходе заседания Центральной избирательной комиссии.

По словам вице-министра, можно связаться с call-центром и получить ответы на вопросы, связанные с выборами.

«Также избиратели могут проверить себя в избирательном списке по ИИН (индивидуальному идентификационному номеру) через Telegram-бот sailau.astana_bot и портал gov.kz.

6 марта пользователям абонентов Kcell, Beeline и Tele2 отправят push-уведомление с надписью: «Знай свой избирательный участок» и будет отображаться ссылка», — добавил Асет Турысов.

Ранее сообщалось, что более 12 млн казахстанцев могут проголосовать на внеочередных выборах депутатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA