Сайлауалды әлеуметтік сауалнаманы кездейсоқ ұйымдар жүргізе алмайды

Бұл туралы «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Жанар Бұқанова «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өткізген брифингіне айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. «Конституциялық реформаның кезінде заңға бірнеше өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес…

Нақты істердің нәтижесі

Успеноюрьев ауылының округіне Николаевка, Райгородок ауылдары кіреді. Ауыл әкімі Талғат Оспанов. Әкімдердің кезекті есеп беру жиналысы Успеноюрьев ауылында жалғасын тапты. Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов…

Ұрымқай ауылы ажарланып келеді…

Жұлдызы жоғарылап келеді. Кешегі жауған қалың қарды көшеде тазалап жүрген кішкентай ғана трактор, көшені ғана емес-әрбір аулаға жеке тоқталып, қарды үлкен күрегімен көсіп алып, жолдың жиегіне қарай үйіп жатыр. Аз…

Веденов селолық округіндегі кездесу

Халық алдында жергілікті әкімдердің есеп беру кездесуі басталды. Ауданнан шалғайда жатқан ауылдың бірі Веденов селолық округі. Әкімі Мақсат Имамбаев.  Бүгінгі таңда Президенттің жарлығына сәйкес атқарушы билік өкілдері халықпен жиі кездесіп,…

Златополье селолық округіндегі кездесу

Златополье ауылы тоғыз жолдың торабында тұрған ауылдың бірі. Округке Златополье, Савинка, Обалы, Түлкілі, Лесной Хутор ауылдары кіреді. Ауыл әкімі Сәкен Сипульдин. Әкімдердің кезекті есеп беру жиыны өтті. Жиынды ашып, жүргізген…

Акмолинская спортсменка стала чемпионкой мира по ММА

Более 600 бойцов из 62 стран участвуют в соревнованиях. В категории до 20 лет (U-20) Матильда Бачурина выиграла «золото», сообщает пресс-секретарь управления физической культуры и спорта Акмолинской области Махаббат Большина.…

Нұрлан Әбдіров ТМД ПАА байқаушылар тобымен кездесті

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) байқаушылар тобымен видеоконференция режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық сайлау комиссиясынан мәлім еткендей,…

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы көшпелі 

семинар-кеңестер туралы 21-22 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу…

Вы пропустили

Үкімет бірыңғай сағаттық белдеуді енгізу туралы шешімді толықтай қолдайды — Е.Көшербаев
Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға әсері туралы зерттеу нәтижелері бойынша Үкімет есебін тыңдады.
Бұл зерттеу жұмысы «AMANAT» Фракциясының ұсынымын іске асыру шеңберінде 6 бағыт бойынша жүргізілді. Беделді ғалымдар мен сарапшылар, ғылыми институттар тартылды. Зерттеу барысында географиялық параметрлері ұқсас әр түрлі мемлекеттің тәжірибесі назарға алынды.
Депутаттар алдында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев сөз сөйледі.
– Салыстырмалы талдау жұмысы Еуропадағы көптеген дамыған елдерде Қазақстанға ұқсас таң ату және күн бату мерзімі бар екенін көрсетті. Аталған мемлекеттер осындай жағдайда белсенді дамып келеді. Адами капиталды дамыту бойынша да жоғары көрсеткіштерге ие. Осыған байланысты Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді қолдай отырып,  оны толық негізделген деп санайды, – деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол зерттеу нәтижелері бірыңғай уақыт белдеуіне көшу елдегі білім беру процесінің нәтижелеріне теріс әсер етпегенін, сондай-ақ ЖКО мен көшедегі қылмыс жағдайына айтарлықтай әсерін тигізбегенін растады.
Сонымен қатар бүгінде Шығыс Қазақстан облысының жеті ауданында жұмыс кестесіне түзету енгізілді. Бұл бастама жергілікті тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты.
Халық қалаулыларының сұрақтарына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Үкіметтің өзге де өкілдері жауап берді.
А. Шаққалиевтің айтуынша, алдын ала деректер халық өмірінің негізгі көрсеткішіне және экономиканың негізгі салаларының жұмыс істеуіне өзгерген уақыт белдеуінің тигізген теріс әсерін анықтаған жоқ.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бірыңғай уақыт белдеуін енгізу қадамы денсаулық сақтау саласына оң өзгеріс алып келгенін, аурулар санының төмендегенін атап өтті. Мәселен, жедел жәрдем шақырту саны 0,4%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттану көрсеткіші 3,5%-ға, психикалық және мінез-құлық бұзылысы 1,6%-ға, жарақаттану көрсеткіші 3,3%-ға, қатерлі ісіктер көрсеткіші 1,7%-ға төмендегені байқалды. Яғни, уақытты ұтымды бөлу – қоғамдық денсаулыққа оң әсерін тигізуде.
– Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкімет уақыт белдеуін ауыстырудың азаматтардың тұрмысына және ел экономикасына әсерін жан-жақты зерттеуі тиіс екенін атап өтті. Бүгін Үкімет «AMANAT» фракциясының депутаттарына осы ғылыми зерттеудің қорытындысын таныстырды. Ол ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен өткізіліп, Қазақстанда бірыңғай уақытты енгізу туралы шешімнің ғылыми негізділігін көрсетті, – деді Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов.
Талқылау жұмысын қорытындылай келе, депутаттар Үкіметтің ғылыми-зерттеу нәтижесін қабылдады. Депутаттар зерттеу қорытындысын қалың бұқараға жеткізудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, депутаттар Үкіметке жергілікті билік органдарымен, мәслихаттармен бірлесіп, еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуінің маңызы мен ғылыми негізі туралы арнайы түсіндіру жұмысын жүргізуді ұсынды. Бұл жұмысқа ғалымдарды, сарапшылар тобының өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын белсенді тарту керек. БАҚ пен әлеуметтік желілерде тиісті ақпараттық жұмыс ұйымдастыру қажет.
Сонымен қатар, халық сұранысы мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, жергілікті жерлерде жұмыс кестесін өзгерту тәжірибесін жалғастыру керек.