Студенттік жатақхана салып, студенттердің жатақханада тұруы үшін мемлекеттен жылына 67 млн.теңге алыңыз

Қандай механизм? Кәсіпкер жатақханаларды өз қаражаты есебінен салады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер құрылыс аяқталғаннан кейін және студенттердің нақты тұруы үшін ғана жүргізіледі. Шарттары қандай? Бір студентке жатақхана салу кезінде 6…

Жекеменшік мектеп салыңыз және сіздің мектебіңізде оқушылардың оқығаны үшін мемлекеттен жылына 92 млн. теңге алыңыз

Шарттары қандай? Мектеп құрылысы үшін - 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 96 АЕК; Мектепті реконструкциялау үшін - 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 47 АЕК; Жан басына шаққандағы норматив…

Как правильно оплачивать ЕСП и не утерять статус застрахованного?

В нашей стране достаточно граждан, которые не работают официально, но имеют временные заработки. Они не производят пенсионные и социальные отчисления. Их называют самозанятыми. К ним относятся няни, таксисты, фрилансеры, владельцы…

Сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін БЖТ-ны қалай дұрыс төлеу керек?

Елімізде еш жерде ресми жұмыс істемей, алайда табыс табатын азаматтар жетерлік. Олар зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайды. Үкімет мұндай азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дейді. Оның ішінде бала күтуші,…

Депутаттыққа үміткерлер неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатыр

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина кандидаттардың бәрі неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл – базбіреудің шешімі емес. Бұл – Орталық сайлау…

Мәжілістегі бір орынға орта есеппен 15 кандидат таласады

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын шығардық. Атап айтқанда,…

Округа с наибольшим количеством кандидатов по мажоритарной системе назвали в ЦИК РК

В Центральной избирательной комиссии поделились данными о том, в каких округах зарегистрировано наибольшее количество кандидатов по мажоритарной системе, сколько мужчин и женщин выдвинуто, и в каких регионах проживают самый молодой…

ОСК 125 кандидатты тіркеуден бас тартқан

Орталық сайлау комиссясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы Мәжіліс сайлауына ұсынылған неше адамның тіркеуден өтпей қалғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер негізінде кандидатты…

Итоги регистрации кандидатов в депутаты Мажилиса по одномандатным округам подвели в ЦИК РК

В Центральной избирательной комиссии подвели итоги регистрации кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента и маслихатов по одномандатным территориальным округам, передает корреспондент МИА «Казинформ». «Мажилис Парламента состоит из 98 депутатов, 29 из…

Вы пропустили

Үкімет бірыңғай сағаттық белдеуді енгізу туралы шешімді толықтай қолдайды — Е.Көшербаев
Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға әсері туралы зерттеу нәтижелері бойынша Үкімет есебін тыңдады.
Бұл зерттеу жұмысы «AMANAT» Фракциясының ұсынымын іске асыру шеңберінде 6 бағыт бойынша жүргізілді. Беделді ғалымдар мен сарапшылар, ғылыми институттар тартылды. Зерттеу барысында географиялық параметрлері ұқсас әр түрлі мемлекеттің тәжірибесі назарға алынды.
Депутаттар алдында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев сөз сөйледі.
– Салыстырмалы талдау жұмысы Еуропадағы көптеген дамыған елдерде Қазақстанға ұқсас таң ату және күн бату мерзімі бар екенін көрсетті. Аталған мемлекеттер осындай жағдайда белсенді дамып келеді. Адами капиталды дамыту бойынша да жоғары көрсеткіштерге ие. Осыған байланысты Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді қолдай отырып,  оны толық негізделген деп санайды, – деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол зерттеу нәтижелері бірыңғай уақыт белдеуіне көшу елдегі білім беру процесінің нәтижелеріне теріс әсер етпегенін, сондай-ақ ЖКО мен көшедегі қылмыс жағдайына айтарлықтай әсерін тигізбегенін растады.
Сонымен қатар бүгінде Шығыс Қазақстан облысының жеті ауданында жұмыс кестесіне түзету енгізілді. Бұл бастама жергілікті тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты.
Халық қалаулыларының сұрақтарына Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Үкіметтің өзге де өкілдері жауап берді.
А. Шаққалиевтің айтуынша, алдын ала деректер халық өмірінің негізгі көрсеткішіне және экономиканың негізгі салаларының жұмыс істеуіне өзгерген уақыт белдеуінің тигізген теріс әсерін анықтаған жоқ.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бірыңғай уақыт белдеуін енгізу қадамы денсаулық сақтау саласына оң өзгеріс алып келгенін, аурулар санының төмендегенін атап өтті. Мәселен, жедел жәрдем шақырту саны 0,4%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттану көрсеткіші 3,5%-ға, психикалық және мінез-құлық бұзылысы 1,6%-ға, жарақаттану көрсеткіші 3,3%-ға, қатерлі ісіктер көрсеткіші 1,7%-ға төмендегені байқалды. Яғни, уақытты ұтымды бөлу – қоғамдық денсаулыққа оң әсерін тигізуде.
– Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкімет уақыт белдеуін ауыстырудың азаматтардың тұрмысына және ел экономикасына әсерін жан-жақты зерттеуі тиіс екенін атап өтті. Бүгін Үкімет «AMANAT» фракциясының депутаттарына осы ғылыми зерттеудің қорытындысын таныстырды. Ол ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен өткізіліп, Қазақстанда бірыңғай уақытты енгізу туралы шешімнің ғылыми негізділігін көрсетті, – деді Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов.
Талқылау жұмысын қорытындылай келе, депутаттар Үкіметтің ғылыми-зерттеу нәтижесін қабылдады. Депутаттар зерттеу қорытындысын қалың бұқараға жеткізудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, депутаттар Үкіметке жергілікті билік органдарымен, мәслихаттармен бірлесіп, еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуінің маңызы мен ғылыми негізі туралы арнайы түсіндіру жұмысын жүргізуді ұсынды. Бұл жұмысқа ғалымдарды, сарапшылар тобының өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын белсенді тарту керек. БАҚ пен әлеуметтік желілерде тиісті ақпараттық жұмыс ұйымдастыру қажет.
Сонымен қатар, халық сұранысы мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, жергілікті жерлерде жұмыс кестесін өзгерту тәжірибесін жалғастыру керек.