Бурабай кенті, Абылайхан және Кенесары ауылық округтерінің әкімдерін сайлау күні

N 343 сайлау учаскесінде Абылайхан ауылдық округінің әкімін сайлауы өтіп жатыр. Ақылбай ауылының тұрғындары өзінің таңдаған адамына дауыс беруде.

Бурабай кенті, Абылайхан және Кенесары ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы күні

N365 сайлау учаскесінде Кенесары ауылының әкімін сайлауы болып жатыр. Қазіргі таңда аталмыш сайлау учаскесінде дауыс берушілер белсенділік танытып отыр.

Бурабай кенті, Кенесары және Абылайхан ауылдық округтері әкімдерін сайлау күні

Бурабай ауданында үш ауылдық округте ауылдық әкімдерді сайлауы болып жатыр. Бурабай кенті, Кенесары, Абылайхан ауылында. Қазіргі таңда, N342 сайлау учаскесінде 5 адам келіп дауыс берді.

Человек труда

  Землю красит солнце, а человека труд Труд занимает важнейшого роль жизни человека, труд даёт человеку возможность развиваться. За период эволюции, благодаря постоянному, кропотливому труду, человестство достигало цивилизации высокого уровня.…

Кенесары ауылдық округі әкіміне үміткер

Ибраев Алмаз Абайұлының сайлауалды бағдарламасы Мен, Ибраев Алмаз Абайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Щучинск қаласында дүниеге келдім. Щучинск қаласының 6 орта мектебін бітірдім. «Туризм» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Еңбек…

Бурабай кенті әкіміне үміткер

Мацко Оксана Владимировнаның сайлауалды бағдарламасы Құрметті Бурабай кентінің сайлаушылары! Мен, Оксана Владимировна Мацко, біздің Бурабай ауданының байырғы тұрғынымын. Бурабай кентінің әкімдеріне өз кандидатурамды ұсына отырып, Бурабай өмірінде өзекті проблемалары бар…

Кенесары ауылдық округі әкіміне үміткер

Ибраев Алмаз Абайұлының сайлауалды бағдарламасы Мен, Ибраев Алмаз Абайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Щучинск қаласында дүниеге келдім. Щучинск қаласының 6 орта мектебін бітірдім. «Туризм» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Еңбек…

Абылайхан ауылдық округі әкіміне үміткер

Дүйсенов Жасқанат Нұрланұлының сайлауалды бағдарламасы Жолдар, жарықтандыру, жаңбыр суын бұру, кәріз, жылу, өздігінен қоқыс тастайтын жерлер, ормандарды кесу, жағажайдың жоқтығы, қолжетімді баспана, үйлерді су басу, демалыс инфрақұрылымының болмауы, аулаларды, саябақтарды,…

Бурабай кенті әкіміне үміткер

Дастан Ерланұлы Құланның сайлауалды бағдарламасы 1990 жылы 24 сәуірде Ақмола облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келдім. 2012 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірдім.     …

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.