В соответствии с поручением Министерства сельского хозяйства РК к профессиональному празднику работников сельского хозяйства необходимо усилить работу по публикации достижений в этой области в социальных сетях и СМИ.
В связи с этим, с 11 по 30 ноября необходимо уделить особое внимание на позитивную публикацию.
Это включает в себя успешные проекты, демонстрацию достигнутых показателей производительности, внедрение инновационных технологий и рост объемов производства, размещение образа «человека труда» в вгропромышленном комплексе. Важно представить труд аграриев как важный и уважаемый вид деятельности, подчеркнуть его значимость для страны (история успеха отдельных фермеров и сельхозпредприятий, показать их профессионализм и честность), пропагандировать имидж молодого фермера (показать его инициативы, инновационные подходы и достижения).

Прошу поделиться планами или предложениями по данной работе. Ақмола облысында вакцинациядан бас тарту саны азайдыАқмола облысында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың көпшілігіне байланысты, тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда, алайда көкжөтел, қызылша сынды аурумен…

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай осы саладағы жетістіктерді әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмысты күшейту қажет.
11-30 қараша аралығында АӨК дамыту бойынша жұмыс нәтижелерін оң жариялауға ерекше назар аудару қажет.
Бұл табысты жобаларды, қол жеткізілген өнімділік көрсеткіштерін көрсетуді, инновациялық технологияларды енгізуді және өндіріс көлемінің өсуін, АӨК-де «еңбек адамы» бейнесін орналастыруды қамтиды. Аграршылардың еңбегін маңызды және құрметті қызмет түрі ретінде көрсету, оның ел үшін маңыздылығын атап өту маңызды (жеке фермерлер мен ауылшаруашылық кәсіпорындарының сәттілік тарихы, олардың кәсібилігі мен адалдығын көрсету), жас фермердің имиджін насихаттау (олардың бастамаларын, инновациялық тәсілдері мен жетістіктерін көрсету).

Осы бағытта жоспарлар мен ұсыныстарыңыз болса, бөлісуді сұраймын.

Меморандум о сотрудничестве для защиты прав потребителей подписали в Акмолинской области
В Кокшетау на площадке региональной службы коммуникаций состоялось официальное подписание меморандума о сотрудничестве между Акмолинским областным представительством общественного фонда «Әділдік және өркендеу» и департаментом торговли и защиты прав потребителей Акмолинской области.
В мероприятии приняли участие руководитель представительства фонда в Акмолинской области Бахыт Смағұл, руководитель департамента Ерлан Аубакиров, представители фонда и ведомства, а также СМИ.
Меморандум направлен на совместные усилия по защите прав и интересов физических и юридических лиц, противодействие коррупции, а также разработку и реализацию эффективных инициатив в сфере торговли и защиты прав потребителей.
Партнерство предполагает работу над совершенствованием законодательства, координацию с государственными органами и проведение образовательных мероприятий для повышения правовой грамотности среди населения и предпринимателей.
Стороны также планируют активно информировать общественность о правах и доступных механизмах защиты.
Подписание этого меморандума станет важным шагом на пути к улучшению условий для защиты прав казахстанцев и повышения прозрачности и ответственности в сфере торговли.

Қазақстан жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне дайындалып жатыр
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың барлық топтарын қамтитын жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі күшіне енеді. Жаңа норма бойынша барлық тұрғындар, соның ішінде жеке сектор қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруы керек. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Департамент басшысының мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялау жүйесі 2021 жылы іске қосылды және кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Декларацияны бірінші кезең бойынша мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектордың өкілдері, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады. 2025 жылдан бастап жүйе қалған 335 мың салық төлеушіге таралады.
«Бастапқыда әрбір салық төлеуші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруы керек (250.00-нысан), онда жүйеге кірген кезде барлық жинақталған активтер мен міндеттемелер тіркелуі тиіс. Бұл нысан Қазақстанда тіркелген мүлікті көрсетуді талап етпейді, өйткені жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары туралы деректер мемлекеттік органдарда бар. Алайда, егер сомасы 3,692 млн теңгеден асатын болса, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары және шетелдік шоттардағы құралдар сияқты шетелдік активтер декларациялауға жатады», — деді облыстық кірістер департаменті басшысының орынбасары.
Сондай-ақ декларацияда шетелдік компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестер, бағалы қағаздар, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері тәрізді активтер көрсетілуі керек.
Егер мүлікте қымбат мүлік болса, мысалы, өнер туындылары болса, оны 2024 жылдың аяғында жүргізілген бағалау бойынша көрсетуге болады.
Брифингте айтылғандай, декларация беру жөніндегі талаптарды бұзу әкімшілік шараларға әкеп соғады. Декларацияны ұсынбағаны үшін жыл ішінде алғаш рет ескерту көзделген, ал қайталап бұзғаны үшін жыл ішінде 51 750 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. Егер декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтер көрсетілсе, салық төлеушіге де ескерту жасалады, ал қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
Салық салу объектілерін қасақана жасырғаны үшін жыл ішінде алғаш рет төленбеген салықтар сомасының 200 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады, ал қайталап бұзғаны үшін – осы соманың 300 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады.
Заңнама азаматтарды, егер олар нотариалды куәландырылған болса, кредиторлық және дебиторлық берешектерді де көрсетуге міндеттейді. Бұл мәліметтер 2024 жылғы 31 желтоқсандағы күнге тіркеледі және өзгертуге немесе толықтыруға жатпайды.
Активтер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы беруге болады (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyk mobile және eGov mobile қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, декларацияны қолдау Halyk және Kaspi сияқты кейбір банктердің қосымшаларында жүзеге асырылады.
Декларациялау мәселелері бойынша түсіндіру және көмек көрсету үшін 1414 бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ апта сайын «сұрақ-жауап» форматында Zoom-конференциялар өткізіледі, олар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.
Алдағы кезең туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан табуға болады (kgd.gov.kz) «жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде.
Осылайша, Қазақстан экономиканың ашықтығына елеулі әсер ететін және азаматтардың барлық санаттары үшін неғұрлым әділ салық салуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды кезеңге дайындалып жатыр.

Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Үкімет…

Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жаңа жобалар қолға алынған

Ақмола облысында экологиялық жағдайды жақсарту және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Екі кәсіпорын заманауи технологияларды енгізу үшін қолдау алды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар…

95 млн деревьев высадят в Акмолинской области к 2027 году

Акмолинская область активно расширяет свой лесной фонд. С 2021 года высажено 56,2 млн деревьев, а к 2027 году запланировано увеличение до 95 млн зеленых насаждений. Новые лесопитомники и оснащение лесного…

Почти 7 млн животных вакцинировали в Акмолинской области 

В текущем году в регионе провели масштабные мероприятия по защите здоровья сельскохозяйственных животных. Благодаря вакцинации и регулярным исследованиям на бруцеллез, туберкулез и другие опасные заболевания, удалось охватить миллионы животных. Об…

Ақмола облысы құс еті және жұмыртқа өндірісі бойынша көшбасында
Ақмола облысы Агроөнеркәсіптік кешендегі өз позициясын нығайтып, құс еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша Қазақстанның көшбасшылары қатарынан көрінді. Сонымен қатар, өңірде сүтті және етті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі де артқан. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орталық Азиядағы ең ірі Макинск құс фабрикасының іске қосылуының және «Ақ Дала Агро» қуатының артуына байланысты Ақмола облысының құс етін өндірудегі республика бойынша үлесі 30 пайызды құрады. Мұнда жыл сайын шамамен 125 мың тонна құс еті өндіріледі. Сонымен қатар, аймақ жалпы республикалық көлемнің 16 пайызын қамтамасыз ете отырып, тауық жұмыртқасын өндіру бойынша елдегі бірінші орынды иеленеді, бұл жылына 700 млн данаға тең.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың басым бағыттарының қатарында сүт және етті мал шаруашылығы бар. Қазіргі уақытта жалпы саны 2,4 мың басы бар 46 ет фермасы, сондай-ақ 36,5 мың басқа есептелген сегіз ірі бордақылау алаңдарынан тұратын желі жұмыс істейді. Сүт саласында жалпы саны 15 мыңнан асатын 57 мамандандырылған ферма бар.
«Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында 6 мың басқа арналған жеті ірі тауарлы-сүт фермасын құру жұмыстары жалғасуда. Бұл тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Целиноград ауданында «АФ Родина» 1,1 мың басқа және «Али Дала» 1,5 мың басқа, сондай – ақ Аршалы ауданында «Temir Agro» 600 басқа арналған үш тауарлы — сүт фермасы пайдалануға берілді», — деді басқарма басшысы.
Облыс бойынша мал қыстату үшін қажетті бір жарым жылдық шөп қоры дайындалды.
Жыл басынан бері өңірде тірі салмақта 146 мың тонна ет, 184 мың тонна сүт және 526 млн тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл көрсеткіштер өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты өсуін білдіреді.
Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жақсы дамып келеді. Қазіргі уақытта 67 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның 16 ет өңдеумен, 15 сүт өңдеумен, 28 ұн тартатын кәсіпорын, ал 8 майлы дақылдарды өңдеуге маманданған.
Жыл басынан бері азық-түлік өндірісі 4,8 пайызға артты. Әсіресе сүт, өсімдік майы және ұн өндірісінің өсуі байқалады.
«Мемлекет басшысы алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік сектордағы қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойды. Осы мақсатқа жету үшін өңірде 80 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Биыл 17 жоба іске асырылып, инвестиция тарту жұмыстары жалғасады», — деп атап өтті Кенеш Әлімжанов.

Акмолинская область стала лидером по производству мяса птицы и яицАкмолинская область укрепляет свои позиции в агропромышленном комплексе, став лидером Казахстана по производству мяса птицы и яиц. Наряду с этим, регион…

Күзгі балық аулау кезінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

Туған-туыстарына және жақындарына балық аулау жері туралы хабарлау. Қайықтың техникалық жағдайының дұрыстығына көз жеткізіңіз Балық аулауға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана рұқсат етіледі Алкогольді ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынады…