Бүгін Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай аудандық мәдениет үйі студенттермен «Алғыс айту» күні аясында, «Бүгінгі күннің батырлары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Щучинск қаласының әкімі Нұрмағанбетов Олжас Байболатұлы, «Бурабай» газетінің директоры Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы, Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжінің тәрбие-жұмысы жөніндегі директорының орынбасары подполковник Беркенов Нариман Есетұлы, Бурабай ауданының полиция бөлімі патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторлары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Ерлігі үшін» медаль иегерлері Асылқанов Мерей Мұратұлы, Серәлі Ерік Нұрланұлы, Копешов Тлеубек Едрісұлы атты бурабайлықтардың мақтан тұтатын азаматтары қатысты.

Студенттер ел батырларына өздерінің сұрақтарын қойып, олардан тәрбиелі, өнегелі, рухты  жауаптар алды. Щучинск қаласының әкімі О.Б. Нұрмағанбетов батырларды Бурабай ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

«Бурабай-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA