Алғыс айту күніне арналған шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке бір-бірімізге деген сыйластығымызды арттырып, ортақ отанымыз Қазақстанға деген сүйіспеншілігімізді оятатын мейрам.

Бұл мереке жер бетіндегі азаматтық келісімді одан әрі жандандырып, әлемдегі саяси тұрақтылықты сақтап, бейбітшілік жолмен бір-бірімізге деген достығымызды одан әрі арттып, келісіммен бір-бірімізге қолдау беретін мереке.

Алғыс айту арқылы жаңаша келбетімізді қалыптастырып, ұлтаралық достықты сақтап, сенімімізді нығайтып, өскелең ұрпақтың бағытын түзейтіндігін айтқым келеді.

Біздің мемлекетіміз татулықпен сан түрлі ұлттың басын қосып, татулығы басқаларға үлгі болып отырған ел екендігін барлығы жақсы біледі. Олардың барлығы Қазақстан атты елде деген тәуелсіз бірлесіп еңбек етіп, экономикалық әлеуметтік тұрғыда саяси бір бағытта дамуға үлес қосып жатыр. Бұл дегеніміз мемлекетіміздің болашағына деген сенімді нық ұстап, іргетасын бірге қаласып жетістіктерге бірге жету деп білеміз.

Қашанда мемлекетіміз нығайып, гүлдене берсін. Сіздердің барлықтарыңызды жарқын болашаққа сенімді түрде қадам басып, бір-бірімізді құрметтеп, достығымызды берік сақтап, елімізді гүлдендіреді деген сенімдемін. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!

 Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA