Наурыздың 19 күні өтетін кезектен тыс Мәжіліс депутаттарын сайлауда алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан, саяси парияларды қоспағанда, ұлттық байқаушыларды аккредиттеу институты енгізілді. Ұлттық байқаушыларды аккредиттеу – бұл жалпы сайлау науқанда алғаш рет қолданылып отырған заңнама жаңалықтарының бірі», — деді Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, өз жарғысында сайлауды байқау құқығын растайтын қоғамдық немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдар тиісті сайлау комиссиясында аккредиттеу рәсімінен өте алады.

«Бұл туралы біз Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау процесінің барлық қатысушыларын хабардар едіп, ағымдағы сайлау науқанын байқау үшін осы мәселеге жедел кірісуге шақырған болатынбыз», — деді ол.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, аккредиттеу белгілі бір сайлау науқанында ғана қолданылмайды. Аккредиттеу алынған сәттен бастап 1 күнтізбелік жыл бойы қолданылады.

«Рәсімнің өзі ұйымның қызметін әділет органдарының растауын көздейді және оны өткізу мерзімі 30 күнді құрайды. Осыған байланысты ағымдағы сайлау науқаны аясында үлгермей, кейіннен аккредиттелген ұйымдар алдағы 1 жыл ішінде өтетін келесі сайлау науқандарында байқауға қатысуға мүмкіндігі бар екендігін атап айтамын», — деді ОСК төрағасы.

Впервые в Казахстане аккредитованы общественные объединения для наблюдения за выборами

Аккредитация общественных объединений и некоммерческих организаций не привязана к какой-либо выборной кампании, а процедура аккредитации происходит на постоянной основе. Действует она 1 календарный год, передает корреспондент МИА «Казинформ».

Как отметила член Центральной избирательной комиссии РК Анастасия Щегорцова, норма аккредитации введена в действие с 7 января текущего года. Аккредитованные с этого момента объединения и организации смогут наблюдать за внеочередными выборами депутатов Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней 19 марта.

На данный момент ЦИК аккредитовала 10 общественных объединений и некоммерческих организаций. Они могут осуществлять наблюдение во всех 20 регионах страны. Это общественный благотворительный фонд «НAQ», общественный фонд «Крылья свободы», общественный фонд «Гражданская защита», общественный фонд «Ел дауысы», международная ассоциация по наблюдению за выборами «Elections & Democracy», РОО «Коалиция общественных наблюдателей «Дауыс», общественный благотворительный фонд «Ұлы Көш», РОО «Мұқалмас», РОО «Жастар унi» и ОФ «Молодежная информационная служба Казахстана».

Территориальные избирательные комиссии выдали свидетельства об аккредитации 201 организации. Они будут осуществлять наблюдение на всех выборах в пределах тех областей, где аккредитованы и где имеются их филиалы.

Ранее сообщалось, что сегодня завершился процесс аккредитации международных наблюдателей за внеочередными выборами. В итоге около 800 международных наблюдателей будут следить за выборами в Казахстане.

Внеочередные выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.