Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 19 наурыз – сайлау күнінде бірқатар сақтық іс-шарасын ұстануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қызылшаға шалдығу үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осы жылдың басынан бері қызылша күдігімен 56 жағдай тіркелді. Оның ішінде бүгінде зертханалық расталғаны – 20 жағдай. 20 жағдайға зерттеу жалғасып жатыр. Қызылша жоғары сезімталдықпен сипатталады. Ауа-тамшы жолымен беріледі және егілмеген адамдарға 100 пайыз қауіп төндіреді», — деді Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның атап өтуінше, сайлаудың жаңа форматына сәйкес, сайлау учаскесінде бір уақытта сайлау комиссияның мүшелері, байқаушылар және сенімді адамдарды қосқанда көп адам жиналуы мүмкін.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі республикамызда қызылша, коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып:

— үй-жайлардың бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебімен толтырылуын;

— сайлау процесіне қатысушылардың жиналуына жол бермей, олардың ағымын реттеуді;

— үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін;

— жасанды ауа желдеткіш жүйесі болмаған жағдайда үй-жайды тұрақты түрде желдетуді;

— дауыс беру басталар алдында және қажеттілікке байланысты күні бойы үй-жайды желдетуді; — дауыс беру басталар алдында және қажеттілікке байланысты күні бойы жуу құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазарту жүргізуді, дезинфекция жасауды қамтамасыз етуді ұсынады.

Сондай-ақ А.Есмағамбетова ел өңірлерінде ЖРВИ өршіп тұрғанын айтқан болатын. Бұдан бөлек, сайлау күні маска киіп баруға кеңес берді.

Главный санврач Казахстана дала рекомендации для проведения выборов

Вице-министр здравоохранения — главный государственный санитарный врач РК Айжан Есмагамбетова озвучила рекомендации для проведения голосования в день выборов депутатов Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней, передает корреспондент МИА «Казинформ».

Она отметила, что новый формат выборов с элементами мажоритарной системы предполагает одновременное нахождение на избирательном участке от 8 и более человек из числа членов избирательной комиссии, наблюдателей и доверенных лиц.

В этой связи, учитывая текущую ситуацию в республике по кори, коронавирусной инфекции, а также течение эпидемиологического сезона по заболеваемости ОРВИ и гриппом, при проведении внеочередных выборов рекомендуется:

1) регулирование потока участников избирательного процесса, не допуская их скопления с учетом заполняемости помещения из расчета не менее 4 квадратных метров на человека;

2) в помещениях бесперебойное функционирование системы вентиляции/кондиционирования воздуха;

3) в случае отсутствия системы искусственной вентиляции воздуха проведение регулярного проветривания помещения;

4) проветривание помещения перед началом голосования и в течение дня по мере необходимости;

5) проведение влажной уборки с применением моющих средств, дезинфекции помещений и всех рабочих поверхностей перед началом голосования и в течение дня по мере необходимости.

Ранее сообщалось, что эпидситуация по заболеваемости коронавирусной инфекции в стране стабильная. Продолжается сезонный подъем заболеваемостью ОРВИ и гриппом. При этом отмечается осложнение эпидемиологической ситуации по кори. С начала этого года в Казахстане зарегистрировано 56 случаев подозрения на корь.

Внеочередные выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды