Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!

Сіздерді  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Қаншама ғасырдан бері, халқымызбен бірге жасасып, рухымызды көтеріп келе жатқан ерекше мейрам, көктемнің күн шуағы төгіліп, жер дүние мейіріммен шапағатқа бөленіп,  тіршілік атауына айрықша рең беретін, болашаққа деген мақсатымызды айқындайтын Наурыз мерекесі екендігі баршамызға мәлім.

Наурыз байлықтың басы, халқымыздың құндылығын арттырып, басқа этнос өкілдерімен бірге Қазақстанда отбасылық мейрам болып табылғандықтан дәстүрлі түрде тойланады. Жалғыз біздің ғана елімізде емес-көптеген елдер бұл күнде  ерекше көңіл, күймен қарсы алып тойлайды.

Құрметті жерлестер!

Наурыз мейрамы құтты болсын, әрбір отбасыға амандық, бейбітшілік,  гүлденуі жолында өсіп-өркендеп, мемлекетіміз нығайып, жасай берсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!


                                                                             Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA