Қазақ халқының ұлттық мейрамдарының ішінде Наурыз мейрамының мағынасы өте зор. Наурыз мерекесі тәлім-тәрбиеге толы. Атап айтар болсақ, бұл күні Наурыз көже пісіріліп, халық бір біріне жақсы көңілдерін білдіріп, артық кеткен жерлері болса кешірім сұрап, татуласып Наурыз көжеден дәм татады. Ата-бабамыздың тәрбиеге толы салт-дәстүрлерін еске түсіріп жаңғыртады. Келешек ұрпақтың ата-баба дәстүрінен мол тағлым алуына септігін тигізеді.

Үлгі-өнегеге толы Наурыз мерекесі Қарабұлақ ауылының негізгі орта мектебінде де аталып өтті.

Ұлы той жүргізушінің:

Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бермен қараңдар!

Естіп ұғып алыңдар,

Наурыз тойы басталды,

деген сөзімен басталып, Нұржан Айғожақызының және Алмагүл Құлымбетқызының орындауындағы халық әні “Той базарға” ұласты.

Қуанышқа шашу шашу- қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі.

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық,- деп шашуға кезек беріліп, Мәке апамыз бен Қымбат тәтеміз жиналған қауымға қазақтың дархан көңіліндей мол шашу шашты.

Мектеп басшысы Гүлден Естайқызының тілегінен кейін Жазира Қанатқызының орындауында “Қазақтың дәстүрлері” әні шырқалып, “Бастаңғы” дәстүрі бойынша қойылым қойылды. Бастаңғыда жеңгенің рөлін Бегайдар Күншуақ, қайын сіңілінің рөлін Бектасова Аяжан және қайнының рөлін Мағзұм Әбілқайыр сомдады. Қойылым барысында қонақ кәде, ауылдың алтыауызы, наурыз көже жайлы мол түсінік беріле отырып, “Сақина қайда” атты ойын арқылы мерекелік бағдарлама әрі қарай жалғасты. Ауылдың алтыауызын 9-сынып оқушысы Темертас Жансұлу бастап, “Қазағым-ай” әнін орындады. Бастаңғыға жиналған оқушылар қонақ кәде ретінде өз өнерлерін көрсетіп, жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Мысалы, Әбілқайырдың, Қабілеттің, Мансұрдың, Хазіреттің, Исламның орындауында “Жаса, қазағым” әні Жауқазын” би тобының орындауында “Асатаяқ” биі, Көркем және Нұрайдың орындауында “Наурыз”, Жансая “Наурыз көктем”, Жансая Көркем Мөлдір “Наурыз тойы” және Көркем “Наурыз”, Жарқынай “Алақай, Наурыз келді”, Қасым мұғалімнің орындауында Шәмшінің әндері, Аяжан, Ақнұр, Көркем, Қабілет және Ерболат мұғалімнің орындауында “Кеңес күйі”.

Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін Наурыз тойының дәмді тағамы Наурыз көжені ішуге Мөлдір “Дастарқан” әнін арнады.

Наурыз көже ішіліп, бата жасалғаннан кейін спорттық ойындарға кезек берілді. Бұл ойындарды мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Райымбеков Қасым өткізді. Балалар белсене қатысып, жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Наурыз тойына қатысқан оқушылардың бәріне де сыйлықтар берілді.

Ұлттық мерекемізді өткізуге қаржылай көмектескен “ЕЖШС”-не, өнерлерімен көпшілік алғысына бөленген, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге атсалысқан оқушыларыма, Жаңа жылдың дастарқанының басты тағамы- Наурыз көжені дайындаған және келген қонақтарымызды қазақтың қонақжайлық дәстүрімен күткен Абдрахманова Алия, Абдрахманова Қамар, Исенова Жанка және Айтқожина Қарлығаш сияқты келіндеріме, мектеп өміріне өз үлесін қосып жүрген Алмагүл Құлымбетқызына алғысымды білдіремін.

Келген жылымыз құтты болсын! Елімізде бейбіт өмір болып, береке мен молшылықта өмір сүрейік.

Нұржан Абдрахманова, Қарабұлақ негізгі орта мектебінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.