Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары сіздерді мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазан айы баршамызға берекелі болсын. Мұсылманның бес парызының алғашқысы Кәлима шаһадат яғни Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ, Мұхаммад Алланың құлы әрі Елшісі екендігіне куәлік беру болса, екінші парыз баршаңызға белгілі 5 уақыт намаз оқу, үшіншісі дүние мүлкің көп болса зекет беру, ал төртіншісі жылына бір рет Рамазан айы келген кезде Рамазан айының оразасын ұстау, бесінші парыз ол шамаң жетсе өміріңде бір рет қажылыққа бару. Міне осы 5 үлкен құлшылықты Алла тағала бізге парыз еткен. Бұл бес құлшылық ислам дінінің тіректері. Әрбір мұсылманмын деген адам осы бес парызды орындауы қажет. Аллаһтың қалауымен баршамыз қасиетті, берекелі Рамазан айына кіргелі тұрмыз. Жоғарыда айтқандай бұл айда ораза ұстау мұсылманның бес парызының бірі. Бір ай бойы таң атқаннан кеш батқанға дейін Алланың разылығы үшін ораза ұстау бұл біздің тек қана тәнімізге ғана емес жан дүниемізге өте пайдалы. Әлбетте біз оразаны пайда үшін емес, Әлемдердің Раббысы бізге парыз еткені үшін ұстаймыз. Алла тағала біздерге парыз еткен заттарында өте мол хикмет пен даналық бар, сол секілді Алла тағала  біздерге харам еткен заттарда яғни  тиымдарында біздерге зиян нәрсе бар екені белгілі. Себебі Алла тағала құлдарына өте мейірімді, ерекше рахымды. Біз рамазан айында Алланың парыз еткен оразасын тек қана Алла разылығы үшін, Алла тағала біздерге парыз еткендігі үшін ұстайтын болсақ, біздің жанымызға да тәнімізге де өте пайдалы болмақ. Біз бір ай бойы рамазанның күндізін Алланың бізге адал еткен асынан, адал еткен суынан, және өзімізге адал болған жұбайымызбен қосылудан тиыламыз. Баршамыз жұмыс істеп жүргендіктен қатты шөлдеп, қажыр-қайратымыз таусылып, күшіміз әлсіреуі мүмкін. Бірақ бұл шаршау тек рамазанның басында ғана болмақ, және де бұл шаршап, бұл қиналу тек осы дүниеде болмақ. Есесіне бұл қиындық біздерді қияметтің қиындығынан, тозақтың отынан сақтайды. Осы жалған дүниеде жетістікке жетіп өзімізді бақытты сезінерміз, алайда ахиретіміз жаннат болмаса онда бұл дүниенің бақытынан не пайда? Сол секілді осы өмірде қиналып алайда қияметте жетістікке жетіп жатсақ бұл қиындықтың несі қиындық. Пайғамбарымыз Оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын, өзінің хадистерінде айтып кеткендей Рамазанның әр түндерінде тозақтан азат етілетін Алланың құлдары болады. Міне осы рамазанда баршамыз Аллаға шынайы иманмен сауабын тек Алладан ғана үміт етіп ораза ұстайтын болсақ, тозақтан азат етілетін құлдардың қатарына енеріміз ақиқат. Алла тағала баршамызды солардың қатарынан етсін деп тілеймін.  Қасиетті рамазан айы берекелі болсын!

Бурабай аудандық мешіттің баспасөз қызметі

Похожие записи

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили