Бурабай кентінің тұрғыны Қуанышбай Шәріпжанұлы Әбішов, тамылжыған сәуір айының 22 жұлдызы күні 70 жасқа толғалы отыр. Осыдан жетпіс жыл бұрын Еңбекшілдер ауданына қарасты, Қарасор ауылында дүниеге келіп, ер жетіп білім алған соң, ауылшаруашылық саласында аянбай еңбек етті. Ұл мен қыз өсіріп, бүгінгі күні анамыз Әлфия екеуі балаларының қызығын көріп ортамызда отыр. Қуанышбай Шәріпжанұлы қашанда ағайын-туысқа, жора-жолдасқа сый құрметті адам. Жас кезінен еңбекке өз-өзін баулыған әкеміз, балаларына жақсы әке, немерелеріне сүйікті ата.

Қуанышбай Әбішовті айтулы жекеменшік мерекесі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жетпіс деген ең бір айтулы жас. Жетпістің шыңына шығып, әр жағында ақырын жүріп, сексенге келіп, тоқсан деген торқалы жасқа жетіп, жүз жасап, шөбересінің қолынан шөкімдеп су ішіп, айналасын мейірім мен нұрға бөлеп, жадырап, жайнап, жұлдызы жоғары болып, асқар таудай жүре беріңіз деген игі тілегіміз бар.

 

Тілек иелері: жұбайы Әлфия, балалары, немерелері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA