2023 жылғы 24 қыркүйекте Бурабай ауданының үш сайлау округтері бойынша Бурабай кентінің, Абылайхан және Кенесары ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан және Кенесары ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Бурабай аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын белгіледі:

Бурабай кентінің сайлау округі

Бурабай кенті әкімінің сайлауы бойынша:

сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3453 азамат енгізілді, олардың 2277 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 2, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 174.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жалмұқанов С. Ә. — 1229; Құлан Д.Е. — 432; Мацко О. В. — 440.

Бурабай кентінің әкімі болып Жалмұқанов Сабыр Әлімжанұлы сайланды, 1971 жылы туған, «Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ кент әкімі, Бурабай кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Абылайхан сайлау округі

Абылайхан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1487 азамат кірді, олардың 1119 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 20, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 72.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дүйсенов Ж. Н. — 268; Көбенов Ж.Н. — 635; Нәкенов Е. Б. — 124.

Абылайхан ауылдық округінің әкімі болып Жеңіс Нұрмияшұлы Көбенов сайланды, 1972 жылы туған, «Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ауылдық округ әкімі, Қызылағаш ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Кенесары сайлау округі

Кенесары ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1496 азамат кірді, олардың 1186 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 27, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 69.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ыбраев А.А. — 297; Қалиева Қ. Ж — 173; Рақымжанова Д. Е. — 620.

1987 жылы туған, «Бурабай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ бас маман, Кенесары ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешіммен Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан және Кенесары ауылдық округтерінің 2023 жылғы 24 қыркүйекте сайланған әкімдерін тіркеді.

         Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

Похожие записи

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили