Бурабай аудандық ардагерлер кеңесінің атынан Қарттар күніне арналған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

        Сіздердің әрқайсыңыз даңқты еңбек жолын бастан өткеріп, болашақ үшін адал еңбек етіп, ауданымыздың өркендеп, өсуіне, жетіліп, қарқынды дамуына аянбай үлес қостыңыздар.

         Сіздердің баға жетпес тәжірибелеріңізді жастармыз үлгі тұтып, келешекке сабақтастыру арқылы, біз болашаққа зор сеніммен қараймыз. Өздеріңіз еңбек еткен жылдары, белсенділіктеріңізді көрсетіп, азаматтық ұстаным арқылы биік-белестерді бағындырдыңыздар.

        Сіздердің көрегендіктеріңіз, мейірімділікпен қатар шыдамдылығыңыз үшін, ел үшін аянбай тер төккендеріңіз үшін сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, әрқашан үлгі қылып, мақтанышпен айтып жүреміз.

       Өткен ғасырдың қандай қиындығы болса да төтеп беріп, бүгінгі бейбіт заманда бай-қуатты өмір сүріп жатырсыздар, өмірлеріңіз ұзақ болсын! Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбастарыңызға амандық, тыныштық пен береке тілеймін!

  Ж. Сыздықова, Бурабай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA