90 жасқа толып отырған Қариполла Неғметжанұлы Сағындықов ежелгі Көкшетау облысы, Бурабай ауданы, Кіндікқарағай ауылының тумасы. Оның ат жалын тартып мініп, азамат болып шыңдалған, еңбек етіп толысқан жері Қоянды, Қарашілік ауылдары болды. Қоянды Кіндікқарағайға жақын ауыл. Онда Қарекең ержеткен кезде «Қоянды» мал семірту шаруашылығы жұмыс істеді. Кейін бұл шаруашылық аудан орталығына, Щучинскіге, жақындау орналасқан Қарашілік ауылына көшірілді. Қарекең де жұмыс бабымен сол жерге көшті.

Қарекеңнің туған әкесі Неғметжан Сағындықов та өз кезінде соғысқа дейін-ақ бригадир, қойма меңгерушісі болып еңбек еткен адам. Неғметжан атамыз екінші дүниежүзілік соғысқа да қатысып, әйтеуір елге аман оралады. Ынталы ауылында колхоз басқарып, елағасы атанады. Ол кісі осы жолда ауыл-аймақтың үлкендерінен, өзінің қайын атасы Тұрғынбай Әлімов сынды алдыңғы толқын ағалардан тәлім алып, шаруашылық басшыларымен, Қабдолла Ақшатыров, Мақсұт Қасымов сияқты азаматтармен жақын білісіп, өрісі кеңейе түседі. Осы арада ерекше айтып өтетін жайт, Мақсұт Қасымовпен болған сыйластық ол кісілердің балаларының арасындағы үлкен жарастыққа ұласып, Мақаңның ұлы Асқар мен Нығметжан атаның ұлы Ахметжан екеуінің үлкен достығына айналады.

газетіміздің №41 санынан толық оқи аласыздар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA