Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ұйымдастыруымен  «CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты – кітапханалар арасында кітап алмасу, оқырмандар үшін кітаптардың қолжетімділігін арттыру, өз қорларын толықтыру және әдебиеттермен танысу мүмкіндіктерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже – оқырмандар санының артуы, оқырмандардың келім       санының артуы, кітап қорын насихаттау, кітапханалар жұмысының имиджін арттыру.

«CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент жобасының ашылу салтанаты түрде Қатаркөл ауылының кітапханасыннан бастау алды.  Колледж кітапханасы мен ауыл кітапханасы бір-біріне 50-ден аса кітаптармен өзара алмасты және салтанатты түрде табыс етті.

Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д. С. Карсыбаева тілдер мерекесінің онкүндігімен құттықтап, аталмыш жобаның маңыздылығы мен өзектілігін айтып өтті. Іс-шараға Қатаркөл ауылының ауылшаруашылық колледжінің тәрбие жұмысының орынбасары З.М.Серикбаев, Қатакөл ауылы округінің маманы С.А.Мусина, Қатаркөл орта мектебінің директоры С.Б. Мусин, ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандар қатысты.

Қатаркөл Ауыл шаруашылығы колледжі директорының тәрбие жұмысының орынбасары З.М.Серикбаев пен Орталықтандырылған кітапхана жүйенің директоры Н.Қ.Рамазанова «CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент жобасының өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін Досов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары А. Тупенова, Т.Кенесбай, А.Аксенова орындап, «Менің Қазақстаным» өлеңін Р.Кенесбай оқыды.

«CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент» жобасы аясында Бурабай кентінің үлгілі кітапханасы мен Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп кітапханасы кітап қорымен алмасты. Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі А.Н.Нурушева мемарандумға қол қойып, құттықтау сөзін айтты. Бурабай әкімінің бас хатшысы А.Т.Бекежанова екі тарапты да құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Р.Қ.Қахарманова өз қаламынан шыққан «Бурабай», «Күз» өлеңдерін кітапханаға тарту етті. 8 сынып оқушысы М.Хабибулла ақын Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқыды. Кітапханашы С.Тюлембаева мектеп кітапханасынан алған кітаптарға шолу жасады. Аталмыш шараға Бурабай кентінің тұрғындары, кітапхана оқырмандары, оқушылар қатысты.

Аталмыш жобасы аясында Кенесары ауылы кітапханасы мен Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп кітапханасы кітап қорымен алмасты. Оқырмандар үшін кітаптардың қолжетімділігін арттыру мақсатында, өткізілген іс-шараға келген қонақтар Қаныш Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры міндетін атқарушы С.Т. Саттыбаева мемарандумға қол қойып, құттықтау сөзін айтты. Осы Мемарандум шеңберінде екі жақты келісімдерге қол қойылды. Кітапханашылар кітапхана қорымен алмасты. 5 «а» сынып оқушылар Ж. Сармағамбетова, Б. Өмірбек «Құпия кітап» өлеңін орындады.

Баянбай ауылының кітапханасы мен Баянбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашылары кітап қорымен алмасты. Баянбай ауылының кітапханашысы Г.Хамзина оқырмандар үшін кітаптардың қолжетімділігін арттыру мақсатында басталып отырған жоба туралы айтып өтті. Іс-шараға қатысушыларға Баянбай жалпы білім беретін мектебінің директоры Г.Б. Омарова құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараны ашты. 1 сынып оқушылары А.Дулатова «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, 6 сынып оқушылары Д.Бидай мен А.Шалабаева өлеңдер оқыды.

Веденовка ауылының үлгілі кітапханасында «CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент жобасының ашылуы өтті. Іс-шара қонақтары Веденов жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Б.Р. Мақанов пен мектеп кітапханашысы К.Т.Шауетова және кітапхана оқырмандары қатысты. Қатысушыларды жобаның ашылуымен Веденов ауылдық округі аппаратының маманы А.С.Олейник құттықтады. Веденовка ауылының үлгілі кітапханасы мен Веденов жалпы білім беретін мектебінің кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып кітап алмасты. 9 сынып оқушылары «Отан» туралы өлеңдер оқыды.

Жобаны Ұрымқай ауылының кітапханасы мен Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашылары жалғастырып, кітап қорымен алмасты. Іс-шара қонағы Ұрымқай мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі К.Т.Елеманова құттықтау сөзін сөйледі. Ұрымқай ауылының кітапханасы мен Ұрымқай жалпы білім беретін мектебінің кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып кітап алмасты. 7 сынып оқушылары Кәусәр Ерланқызы Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқыды.

№2, №3 қалалық кітапханалар «Білім-инновация» IT лицей-интернатының кітапханасымен кітап қорымен алмасты. Іс-шара барысында «Білім-инновация» IT лицей-интернатының директоры Нұрматов Бабыр Сеитұлы құттықтау сөзін сөйлеп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кітапхана меңгерушісі Ә.Қ.Олжанова оқырмандар үшін кітаппен алмасу, өз қорымызды толықтыру, кеңейту мақсатында басталып отырған жоба туралы айтып өтті. «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 7 сынып оқушысы А.Молдан Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін және кітапхана оқырмандары кітап туралы өлеңдерін оқыды.

Мәдениет аулының кітапханасы мен Есмағанбет Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасымен кітап қорымен алмасты. Іс шара барысында тәрбие жұмысының орынбасары Г.Ж.Абишева құттықтау сөзін сөйлеп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 7 сынып оқушылары өлеңдерін оқыды.

Өткізілген іс-шараларды БАҚ-да, әлеуметтік желілерде  жариялануда.

Әдістемелік-библиографиялық бөлім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA