…90 жылдардың аяқ кезінде, ауылшаруашылығы сан-салаға бөліп, баяғы орталықтардың түндігі жабыла бастады. Иә, «қазына мүлкі» деп түсінетін халықтың ішінен суырылып шыққандардың қолы қимылдап, жеке шаруашылық ашып, егін егіп, мал өсіріп әйтеуір уақыт талабымен нарықтық кезеңге қадам басты. Бұрындары ақпарат бетінен «шетелде жеке-жеке фермерлер бар екен, салығын төлеп, шаруасын күйіттеп өзімен өзі болып отыр екен, капиталистік жүйе ғой» дейтін, біздерге де келіп жеткенде біразы аңтарылып қалды. Бірақ, көш жүре түзелер деген данышпан халқымыздың ішінен суырылып шығып ауылшаруашылық саласына бет бұрып, егін егіп, мал өсіріп, тіпті құс өсіріп баптаған талайлар шықты. Ауылшаруашылық саласы, жалпы қазақтың әу бастан келе жатқан саласы деуге толық негіз бар. Көшпелі қазақтың табиғатпен бірге тілдесіп, табиғат аясында жүріп, малшаруашылығын терең меңгергендігі бәрімізге мәлім. Қазіргі күні, ауданымыз егіншаруашылығы, малшаруашылығын қатар дамытып жатыр.

Өткен аптада Бурабай ауданына қарасты, ауылдарда еңбек етіп жатқан ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері күні салтанатты атап өтілді. Алқалы басқосуға Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, аудандық мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова, бірқатар сала басшылары қатысты. Аудан әкімі ауыл еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, «Еліміздің экономикалық тұрғыда дамуына ат салысып жатқан ауыл еңбеккерлерінің еңбегі қашан да адал, әрбір дәні қамбаға түскенше дамыл таппайтындықтарыңызды жақсы білеміз, сіздердің еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймыз, шаруалардың жағдайы жақсаруы үшін, мемлекет қолынан келгенше көмектесіп жатыр, сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, күш-қайраттарыңыздың арқасында қамбамыз астыққа, жайлауымыз малға толып отыр»,-деді. Мұндай қуанышты сәтте, тойдың көркі, жиынның көркі марапат қой, еңбектің еленіп, елдің ықыласына бөленетін. Щучинск қаласындағы Ә. Бөкейханов атындағы Қазақ орман және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ардагері, ардақты ақсақал Болат Мұқановқа Бурабай ауданы әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. «Еңбек ардагері» төсбелгісімен «Журавлевка-1» ЖШС-нің директоры Николай Радченко, «Құрметті ардагер» «Машрапов» шаруа қожалығының басшысы Алма Машрапова, І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен «Қоянды Агро» ЖШС-нің басшысы Қазбек Ахметов, ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен жеке кәсіпкер Болат Абдрахманов, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен «Қамқор» ЖШС-нің басшысы Назымбек Сұлтанов, «Complex-R» ЖШС-нің басшысы Әлішер Сердалин, «Нарж» ЖШС-нің басшысы Валерий Нарижный, «Complex-R» ЖШС-нің директоры Анатолий Безуховтарға салтанатты түрде табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің құрмет мадақтамасымен, «Обалы» ЖШС-нің басшысы Әскер Жоламанов, «Жаңажол агро» ЖШС-нің механизаторы Сұңғат Дүйсенбаев марапатталды.

Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова, ауылшаруашылық саласының мамандарын өз атынан құттықтады. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

 «Бурабай-ақпарат»

Похожие записи

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили