Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің «2023 жылдың үздік мұғалімі» аталымы бойынша № 9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлайым Тастанқызы Қалмағанбетова жеңімпазы атанды. Гүлайым Қалмағанбетова, білікті ұстаз. Алдынан білім нәрінен сусындаған талай-талай шәкірттері білім шыңдарынан көрініп, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Редакция тапсырмасымен біз ардақты ұстаздың өзімен жолығып, тілдесіп қайттық.

— ХХІ ғасырда технологиясы дамыған заман. Білімді мыңды жығар демекші, өзіңіздің тұла бойыңыздағы біліміңізді жас ұрпаққа арнап келе жатқан ұстаздың бірісіз, алып жатқан жүлдеңіз, марапатыңыз құтты болсын. Қазіргі білім саласының беталысы жайлы тоқтала кетсеңіз?

— Ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін ұлы мамандық. Патшалардың патшасының өзі, ұстаздың алдынан дәріс алып қолына қалам ұстайды. Ұстаздық жолы қиын жол ғой. Ұстаз болу жүректің батырлығы демекші, өзім осы салада 26 жылдан бері еңбек етіп келе жатырмын. Әрине, алдымнан талай-талай шәкірттерім қанат қағып ұшып жатыр. Әрбір шәкіртім менің мақтанышым. Солармен мақтана алам, солармен өзімнің жеткен жетістігімді көре алам.

— Киелі қара шаңырақ атанған №9 мектеп-гимназиясы жалғыз республикада ғана емес, шетелге де шығып, білім додасында өздерінің білімдерімен танылып жүр. Бұның барлығы өздеріңіз сияқты ұстаздың арқасы деп білеміз. Оқушыларыңыздан қандай үміт күтесіз?

— Қазіргі оқушылардың барлығы өте талғампаз, білімге құштар. Мысалы мен тіл маманымын. Көпшілік шәкірттерім ұстаз болсақ деп армандап, менің жолымды қуып, филология саласына барып оқуға түсіп жатыр, әрине грантқа. Бұл менің мақтанышым, еңбегімнің ақталғаны деп түсінем.

Осы аптада Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің «2023 жылдың үздік мұғалімі» аталымы бойынша Астана қаласында өтетін алқалы жиынға қатысқалы отырсыз, көңіл күйіңіз қалай?

— Көңіл күйім тамаша, осындай дәрежеге жетіп марапат алуым, ұзақ жылғы еңбегімнің арқасы ғой.

— Әңгімеңізге рахмет! Ісіңізге сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін.

— Рахмет!..

Жеңіс Оспанов

Похожие записи

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили