Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

Біздің әрқайсымыз үшін Тәуелсіздік — ең жоғары құндылық және басты байлығымыз. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттің қалыптасуының күрделілігін, халықтың үдемелі дамуы мен әл-ауқатының өсуін, ұлттың патриоттық және мәдени кодының жандануын қамтыған тұтас бір дәуірге айналды.  Бүгінде еліміз болашаққа, Жаңа Қазақстанға сенімді қадам жасауда. Қажырлы еңбектің арқасында,бір- бірімізді құрметтеп, туған жерге деген сүйіспеншілік арқылы, ұлы мақсаттардың жүзеге асыруға ат салысатындығымызға сенімдімін!

Қымбатты жерлестер!

Баршаңызға шын жүректен тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Зор денсаулық пен бақыт тілеймін!

Әрбір үйде келісім мен амандық болсын!

                                                                      Арай Садықов,

                                                                     Бурабай ауданының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA