Сіздерді Республикамыздың әрбір азаматы үшін айтулы мереке — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік — азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Халқының тәуелсіздігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кенесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барлығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін аянбай күресті. Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз.
Тәуелсіздік күні — баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы қандастарымыз үшін ұлы мереке. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
М.Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихат төрағасы