Келе жатқан, Жаңа 2024 жыл баршаңызға құтты болсын!
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.
Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт.
Өткен жыл еліміз үшін табысты, әрі тарихи оқиғаларға толы болды. Келер жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын!
Ауданымыздың тұрғындарын жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына амандық, баршаңызға мықты денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!М. Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихат төрағасы