Ақмола облысы,Бурабай ауданының ішкі істер бөлімінің басшысы болып, полиция полковнигі Арман Серікұлы Билялов тағайындалды.
Арман Серікұлы Билялов 1978 жылы, тамыз айының 24 күні Көкшетау облысына қарасты, Уәлиханов ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай қаласындағы жоғары полиция мектебін аяқтады.
2000-2002 жылдары Ақмола облысындағы Қылмысты атқару 166/25 мекемесінде сотталушылар арасында тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысы.
2006-2008 Қостанай облысы Солтүстік қылмыстық қылмыстың алдын алу бөлімінде қызмет атқарған.
2008 жылдары Қостанай қаласының криминалдық полиция бастығының орынбасары.
2008-2009 жылдары Қостанай облысы полиция басқармасының орынбасары.
2009 жылы Қостанай қаласындағы Солтүстік полиция бөлімінің бастығы.
2018 жылдан Атбасар ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2024 жылғы 15 қаңтардан бастап Бурабай ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы болып тағайындалды.