Бүгін Щучинск қаласының орталығында  Ауған соғыс ардагеріне арналған салтанатты жиын болып өтті. 1979 жылдан  1989 жылға дейінгі созылған он жылғы соғыстың нәтижесінде кеңес әскері 15-ші ақпан күні Ауғаныстан жерінен толыққанды шыққан күні. Аталмыш жиынға Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов және бірқатар бөлімі басшылары, ауған соғыс ардагерлері қатысып, ескерткіш бір минут үнсіздікпен гүл шоқтарын қойды.

            -Он жылға созылған қасіретті соғыстың кесірінен біздің қаншама азаматтарымыз Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүріп, туған жеріне қайтпай қалды. Бұл азаматтар ел жүрегінді мәңгілік орын тауып, ұрпақтардың есінде қалады. Өйткені олар антына адал, Отанына мінсіз қызмет атқарды, Ауғаныстан соғысының жарасы жүректен кетпейді,-деді өз құттықтауында аудан басшысы.

                      Иә, қаншама ананы ұлынан айырған қасіретті соғыстың  кесірі мыңдаған адамның тағдырын апарып  тығырыққа тіреді. Қайтпай қалғандары қаншама, ал осы қанды қасапты көзген батыр ұлдардың алдында бүгінгі ұрпақ бас иіп, ерліктерін кеңінен насихаттайтындығына біз кәміл сенеміз.

                                                    «Бурабай ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района