Ауданымызда қоғамдық кеңес құрылғалы біраз шаруаның беті бері қарады. Арнайы сайлаған қоғамдық кеңес мүшелері аудан өміріне белсене араласып, қоғамда болып жатқан кем-кетікті дер кезінде қарап қолға алып жергілікті атқарушы билікпен бірге иық тіресіп жұмыс істеп жатыр. Иә, қазіргі таңда мұндай кеңес, облыста, республика көлемінде кең ауқымды шаруалар атқарып жатқандығын елдің есіне бірауық салып қойғанымыз да жөн шығар.

Сейсенбі күні аудандық мәслихатта қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы Щучинск қаласының әкімі Асхат Мұхамеджанов өзінің атқарған алда атқаратын жұмыстары жайлы баяндамасын ортаға салды. Иә, тоғыз жолдың торабында тұрған Щучинск қаласының ішкі инфрақұрылымын ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру жолдарын жөндеу, аялдамаларды заманауи тұрғыда орналастыру жұмыстарын қала әкімі күн тәртібіне қойыпты. Ә дегеннен қоғамдық кеңес мүшелері «қарғын судың» мәселесін алға тартты. Биылғы жылдың қары орасан көп түсіп, бірқатар өңірлерді оның ішінде ауылдар мен қалаларды су басқандығы жасырын емес. Қала әкімінің айтуына қарағанда «күні бүгінге дейін қалалық аппаратқа қала тұрғындарының атынан 241 рет қоңырау шалынған, осы қоңыраудың арқасында «суға кетеді» деп қауіптеген жерлерді уақытылы қарын аршып, жырақасын жасап жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен техникасын жұмылдырып «тілсіз жаудың» алдын алып тізгіндедік,-деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Институт ықшамауданына №6 мектеп жанына арнайы аялдама қоямыз, сондай ақ бұл жерде полиция қызметкерлеріне (арнайы полициялық бақылау пункты) жұмыс жасайтын болады. Себебі, күн сайын бұл аудан өсіп аумағы іріленіп келеді,-деді қала басшысы.

Қоғамдық кеңесте көтерілген мәселенің бірі қаланың қақ ортасындағы «дүңгіршек» осы «сауда нүктесі» күні-түні сауда жасайды. Жастар, масаң күйде жүрген адамдар «талдап темекі» сатып алып жатады. Бұрын «насыбай» да сататын деп ұзынқұлақ айтатын-ды. Енді Президент «насыбай сатуға оны қолдануға» толыққанды тиым салды. Осы мәселені қала әкіміне жолданып алдағы уақытта жергілікті полиция өкілдерімен аталмыш дүңгіршектің мәселесін «май шаммен» қарау керектігін айтып ескерді.

Бурабай кенті әкімі Сабыр Жалмағанбетов баяндама жасады. Қазіргі таңда Бурабай кентінің жағдайы қалыпты. Туризм аймағы болып табылатын кентте қарғын су алған жоқ. Бурабай кентінің шет жағында тұратын бірер қарттың қорасын су алған екен, оны арнайы «су соратын» машинамен суды сорып, еріп келіп жатқан қардың суын тежедік,-дейді кент әкімі.

Зеленобор селолық округ әкімі Мәди Баженов есеп беру баяндама жасады. Зеленобор ауылында салынып жатқан Мәдениет үйі биылғы жылы толыққанды күрделі жөндеуден өтіп ел игіліне беріледі. Наурызбай батыр ауылының ауыз суының құрылыс жұмысы толыққанды аяқталады,-деді. Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелеріне Зеленобор ауылының әкімі тұшымды жауаптарын қайтарды.

Бурабай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Күзембаева «Бейбіт жиындардың» заң нормалары жайлы түсіндірді.

Бурабай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің міндетін атқарушы Темірлан Тілеужанов Щучинск қаласында салынып жатқан көпқабатты үйлердің оны ішінде осы үйлерге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған аналардың үй алу мәселесі туралы заң тұрғысындағы заңнамалық нормаларды айтып жеткізді.

Бурабай аудандық кәсіпкерлік және өндірістік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нариман Есенбаев өз сөзінде қазіргі күні ауданымыз бойынша 260 дүкен жұмыс істеп тұрса, соның 81-і ауылдық елді-мекендерде жұмыс істейтінін айтып өтті. Апта сайын «бөлімнің мамандары» жергілікті атқарушы билікпен күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын қадағалап ретке келтіріп отырамыз. Мәселен өткенде «он дүкеннің» иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Себебі, азық-түлік тауарына он-он бес пайыздық мөлшерде үстеме баға қосып қойған. Жалпы жергілікті атқарушы билікпен кәсіпкерлердің арасындағы ортақ меморандум бар. Бағаны «өзім білемге» салып ретсіз көтере беруге заң тұрғысынан шектеу бар екендігін айтқымыз келеді,-деді Нариман Маратұлы.

Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлбану Тналинова, қазіргі күні аудан бюджетінің жоспарына кірген негізгі бағыттары жайлы баяндама жасады. Щучинск қаласындағы аудандық Мәдениет үйі биылғы жылы толыққанды құрылыс жұмысын аяқтап, ел игіліне беріледі деген басты жоспарымыз бар. Сонымен қатар, Успеноюрьевка ауылына пилоттық жоба аясында әкімдіктің кеңсесі салынады. Сонымен қатар Зеленобор, Қызылағаш ауылдық округтерінің әкімдігінің кеңселерін салу жоспарланған.

 Жыл өткен сайын, ауданымыздың инфрақұрылымы дамып келе жатқандығын көпшіліктің есіне саламыз.

Жеңіс Оспанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA