Ел тәуелсіздігін алып тәубесіне келген күннен бастап қазақ елінде мыңдаған жас ғылымға көңіл бөлді. Ақиқатын айтайық… соңғы он жыл көлемінде қол жеткізіп отырған смарттелефондарды ғылымы дамыған елдер баяғыда қолданысқа кіргізіп, айшылық алыс жермен сөйлесіп жүргендігі жайлы енді-енді біліп жатырмыз. Иә, қазақтан да талай-талай марғасқа, нар тұлға ғалымдар шыққан. Ғылым көкжиегіне көңіл дүрбісін салып, заманауи тұрғыда жаһандық процесске ілесіп қазақ жастары да топ жарып жүр.
Бурабай ауданының намысын ауданда, облыста, республикалық ғылыми сайыстарда қорғап жүрген Абылайхан атындағы орта мектептің мұғалімі Нұржан Әбілжанов ағымдағы жылдың 16-17 наурызында Астана қаласындағы Назарбаев университетінде өткен роботехника чемпионатында ІІ орынды иеленген болатын. Осыған орай жас жерлестеріміз Анталияда өтетін «Robotex Türkiye 2024» халықаралық кезеңге жолдама алды.
Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков, жас ұрпақты ғылымға баулып жүрген ұстазға «Robotex Türkiye 2024» халықаралық кезеңге қатысуына бір миллион теңгенің сертификатын салтанатты түрде табыстап жолына сәттілік тіледі. Қазіргі күні, жас ұстаз Нұржан Әбілжанов, абылайхандық бес оқушыны ғылым жолына түсіріп, шамнан шырақ жағып, еңбек етіп жүр. Ұстазға еліміздің абыройын көтеріп, ғылым жолында шыңдардан көрінуіне тілектестік білдірген аудан басшысы өз тарапынан әрдайым қолдау болатындығын айтып жеткізді.
Март ознаменовался для жителей Бурабая значимым событием в области науки и образования. Молодые инженеры из клуба робототехники школы имени Абылайхана с. Кызылагаш заняли почетное 2-ое место в республиканском отборочном чемпионате по робототехнике «Robotex Kazakhstan». Это достижение открыло перед ними двери для участия в международном этапе «Robotex Türkiye 2024», который пройдет в Анталии в апреле текущего года.
Клуб робототехники начал свою деятельность в сельской школе сентябре 2019 года и на сегодняшний день насчитывает 15 талантливых ребят в возрасте от 10 до 17 лет. Руководителем и тренером клуба является Нуржан Галиевич Абильжанов, учитель информатики данной школы.
Эти молодые робототехники активно участвуют в различных соревнованиях как на региональном, так и на республиканском и международном уровнях. Они занимают призовые места в таких мероприятиях, как «KazRoboSpo «Roboland», «Robotek Grant Tournament», «RoboteK Kazakhstan», «Roboland» и Всемирная олимпиада робототехники WRO. Их работы не остались незамеченным. От района призерам чемпионата, благодаря спонсорской поддержке ТОО «KazStroy 2020», вручен сертификат на сумму 1 миллион тенге в знак признания их труда и стимулировать на достижения в дальнейшем.
Желаем успехов и удачи нашим юным роботехникам!
«Бурабай-ақпарат»