Атырауда өткен осы жолғы құрылтайдың маңыздылығы өте зор. Осымен үшінші рет құрылтай өткізіліп отыр. Төртеу түгел болса төбедегі келер деген қанатты қағиданы бағытқа ала отырып, құрылтайда айтылған ойларға өз үнімді қосқым келеді.
Менің негізгі мамандығым тарихшы болғандықтан қазақ тарихының тамыры тым тереңде жатқандығын бәріміз жақсы білеміз. Осы жолғы құрылтайда Президент сонау Шыңғыс хан заманынан бері қарай өз ойын өрбітті. Заманның толқынымен егеменді ел боламыз деп азаттыққа ұмтылған алаштың қайраткерлері жайлы да құрылтайда кеңінен айтылды. Сонымен қатар, көшпенділер мәдениетіне де ерекше тоқталды. Сонау тарих төрінде мемлекетін құрып, өзінің мәдениетімен әлемді тамсандырған Алтын Орда жайлы да күні бүгінге дейін толық мәліметтер жоқ. Президент құрылтайда осыған басымдылық беріп, ерекше тоқталып, тарихшылар мен зерттеушілерге сенім артып, жаңаша тарихты қалыптастырып жазу керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, өткен жылы тарихи жәдігерлерді мемлекет бақылауына алып қайтадан қалыпқа келтіру жөнінде де айтқан болатынмын,-деді Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің байтақ даламызда қаншама тарихи жәдігерлер бар. Бұлардың біразы кешегі уақытта «заманның желімен» мүжіліп жойылып кетсе, халқымыздың біртуар ұлдарының арқасында сақталып қалған дүниелері әлі де бар, ұлтымыздың басты құндылықтарын қолға алып қайтадан қалыпқа келтіре отырып, ұрпақ еншісіне қалдырып сабақтастыруымыз қажет,-деді.
Құрылтайда айтылған тың ойлардың барлығы біздің ертеңге деген сенімімізді нығайтып, өскелең жас ұрпаққа тарихымызды таныту арқылы қалыптастырамыз деген ойымды айтқым келеді.
Руслан Әбжанов,
Наурызбай батыр ауылы мектебінің директоры